Аутизм сырқатына шалдыққан балаларға көңіл бөлінді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аутизм сырқатына шалдыққан балаларға көңіл бөлінді

17 Марта 2017 (12:46) | 1874 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығында алғаш рет аутизммен ауыратын балалар мен олардың ата-аналарына арналған екі күндік тегін семинар өтті.

Семинар «Қайырымдылық» қорының «Аутизмді жеңеміз: Қазақстанның 12 қаласы» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Жоба мамандары аутизмммен ауыратын балалармен Қазақстанда 2008 жылдан бері жұмыс жасайтындарын айтады.

Мұндай семинар бұған дейін еліміздің Қарағанды, Павлодар, Орал, Көкшетау, Қостанай, Петропавл қалаларында ұйымдастырылған. Алдағы уақытта Атырау мен Шымкент өңірлерінде өткізілмек.

         Ақтауда өткен шарапатты шараға аймақтан 200-ге жуық ата-ана қатысып, білікті мамандардан тегін кеңес алды.

         -Біз аутизмге душар болған балаларды әлеуметтік тұрғыдан бейімдеуге және олардың толыққанды өмірін қалыптастыруға көмектескіміз келеді.

         Қордың мақсаты-елімізді әлемдік деңгейдегі оңалту бағдарламасымен қамтамасыз ету. Сондықтан да біз бүгін Ақтау қаласында екі күндік семинар өткізіп жатырмыз.

Алғашқы күні ата-аналарға кішкентай балалармен қалай жұмыс жасау керектігін, қалай баланы ортаға бейімдеу керектігін үйретеміз. Баланың ойын бөлу үшін әр түрлі бағытта ойындар ойнатамыз.

Екінші күні үлкен балалармен жұмыс жасауды және ата-аналарға шеберлік сабақтарын өткіземіз. Алдымен ата-ананың балаға көзқарасы дұрыс болу керек. Қоғамнан оқшауламай, ортаға тартуға жұмыстану керек.

Көп ата-аналар аутизммен ауыратын балаларын жасырады, ортадан ұялады, тіптен көп жағдайда балаларын тастап та кетіп жатады.

Аутизм - медициналық емес, әлеуметтік проблема. Және де бұл аурудан баланың құлан-таза жазылып кетуіне тек қана анасы көмектесе алады.

Сол себептен де біздің басты мақсатымыз - осы шара арқылы балалар мен ата-аналарға ең заманауи оңалту, түзету және консультациялық көмектер беру,-деген «Аутизмді жеңеміз: Қазақстанның 12 қаласы» жобасының үйлестірушісі Салтанат Мұрзалинова-Яковлева 2008 жылдан бері жүйелі жұмыстың нәтижесінде 17 баланың аутизмнен толықтай жазылып, ортаға қосылғанын жеткізді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему