Маңғыстау облысы Жергілікті полиция қызметінің Жол-партульдік полициясына «Скат» құрылғысы алынды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 05:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы Жергілікті полиция қызметінің Жол-партульдік полициясына «Скат» құрылғысы алынды

19 Декабря 2016 (10:46) | 2188 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыс аумағындағы маңызға ие тас жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін анықтау мақсатында, Маңғыстау облысы Жергілікті полиция қызметінің Жол-партульдік полициясы кешенді және мақсатты жұмыс атқаруда.

            Құқықбұзушылықтың алдын алу және анықтау жұмыстарының көрсеткіштерін жоғарылату – материалдық-техникалық базаны жақсартуға, жаңа технологияларды енгізуге тікелей байланысты.

            Осы мақсатта, Жергілікті полиция қызметіне жергілікті бюджет есебінен әрқайсысының құны – 16 млн. 600 теңгені (жалпы құны – 50 млн.) құрайтын, 3 дана «СКАТ» құрылғысы сатып алынды.

            «Скат» бейне-бақылау және тіркеу құрылғысы Ресей Федерациясында жасалған.

Құрылғының өзіндік артықшылықтары:

-       жолда жүру ережесін бұзған автокөлік тарапынан орын алған құқықбұзушылықты анықтап, автоматты түрде бейне-жазбасын тіркейді;

-       ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес, көлік жүргізушісіне айыппұл хаттамасын дайындайды;

-       жол ережесін бұзған көлік иесіне әкімшлік хаттама тұрғылықты мекен-жайы бойынша жазбаша хат түрінде жолданады;

-       жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің тіркелген құқықбұзушылық бейне-жазбасын жоюына мүмкіндік жоқ және тіркеу орталығына құрылғының өзі жолдайды. Полиция қызметкері тек құрылғыны бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік бар;

-       Адами факторлар, яғни, тәулік ауысымы, күннің ауа-райына қарамастан жұмыс жасайды.

-«Скат» құрылғысы облыстағы жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскелерге және қала/ауданішілік Жергілікті полиция қызметі бекіткен кестеге сәйкес қойылып, орналасу орны өзгертіліп отырады.

Құрылғы сатып алынғаннан соң, тесттік-режимнен өтті. Нәтижесінде, 3 сағаттық жұмыс ішінде 1 құрылғының көмегімен 224 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Тіркелген құқықбұзушылықтардың айыппұл сомасы – 7,5 млн.құрайды.

Көлік иелері үшін жолда «Скат» құрылғысының жұмыс жасап тұрғаны туралы ақпараттық стэндтер жақын арада орналастырылады.

Маңғыстау облысының Жергілікті полиция қызметі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатындағы жұмыстарды жандандырады және тағы да басқа жаңа технологияларды сатып алу жоспарда бар, - дейді біздің басылымға осы ақпаратты жолдағанМаңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қоғаммен байланыс маманы Бауыржан Әнуарбек.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему