2017 жылдан бастап кәсіптік-техникалық білім тегін беріледі
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 22:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

2017 жылдан бастап кәсіптік-техникалық білім тегін беріледі

13 Декабря 2016 (22:40) | 17362 | Автор: Мира Ботабекова

 

2017 жылы «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы енгізіледі. Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, аталған бағыт бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шаралары қарастырылған. Осының нәтижесінде 2017-2021 жылдар аралығында кәсіптік даярлау және оқытумен барлығы 671,5 мың адам қамтылады.

«Бірінші қолдау шарасы техникалық, ауылшаруашылық, технологиялық мамандықтар бойынша және сервис және қызмет көрсету саласындағы мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларын даярлауды көздейді. 2017 жылдан 2021 жыл арасында даярлаумен 471,5 мың адам қамтылады. Оның ішінде республикалық бюджет қаражаттары есебінен жыл сайын 106,5 мың адам, ЖБ есебінен 365 мың адам бар», – деді вице-министр.

Сонымен бірге оның айтуынша, жаңа бағдарлама бойынша 9-11 сынып түлектері, аз қамтылған отбасылардан шыққан біліктілігі жоқ жастар білім алатын болады. Осы бағдарлама шеңберінде үміткерлердің тізімін қалыптастыруға және іздестіруге ықпал ететін жергілікті білім беру және жұмыспен қамту органдарын, полиция қызметтерін тарта отырып, әрбір елді мекенде әкімдіктер жанындағы мобильді топтар құрылатын болады. Қатысушылар әңгімелесу қорытындысы бойынша оқуға алынады. Олар тамақпен және шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
арман, 14 Декабря 2016 (13:47)
0 0
Шын мәнінде еліміздегі кәсіпкерлердің саны артқаны шыныменде дұрыс өйткені еліміздің басшылары кәсіпкерлерге өте үлкен көмек беріп отыр
дана, 14 Декабря 2016 (13:46)
0 0
Ия кәсіпкерлікті шын мәнінде арттыру керек деп білемін өйткені қазіргі таңда кәсіпкерлердің жұмыстары зор
айзере, 14 Декабря 2016 (10:20)
0 0
дұрыс болған екен, осылайша жұмыс мамандықтарға талап болады..
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему