Бауырлас елдің Тәуелсіздік күні тойланды
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 03:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бауырлас елдің Тәуелсіздік күні тойланды

24 Мая 2016 (13:23) | 2215 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жыл сайын 21 мамырда бауырлас ел – Әзірбайжан Республикасы ел Тәуелсіздігін атап өтеді. Биыл да осы айтулы күнге орай Ақтаудағы Әзірбайжан елінің дипломатиялық өкілдігі сенбі күні облыс орталығындағы «Хан Шахар» салтанат сарайында мерекелік шара ұйымдастырды.

 

Салтанатты кешке Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев бастаған облыстық және қалалық әкімшіліктің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және аймақтағы түрлі ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақ астына ұйыстырған «Халық келісімі» Қоғамдық Бірлестігінің басшылары, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері және жергілікті, республикалық БАҚ тілщілері шақырылған.

 

Жақында Әзірбайжан Республикасының Қазақстан еліндегі арнайы және өкілетті елшісі қызметіне Астана қаласына ауысқан ӘР-ның Ақтау қаласындағы Бас консулы қызметін 7 жыл бойына абыроймен атқарған Рашад Эйнаддиноглы Маммадов Елордадан арнайы сапармен аталмыш мерекеге келіп қатысты.

 

Шарада сөз алған елші Рашад Маммадов түбі бір-түркі елдері - Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекеттерінің арасындағы мызғымас достықтың, бауырластықтың сан ғасырлық тарихы екі елдің бүгінгі күнгі қарым-қатынасына алтын арқау болып отырғанын атап өтті. Өзінің ұзақ 7 жыл бойына елшілік қызметте болғанда қимас достарына айналған маңғыстаулықтарға шынайы пейілдері мен дархан көңілдеріне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Астанада жүрсе де Маңғыстау аймағының өзіне әрдайым қолдау көрсетіп, тілеулес болып отыратынына сенімді екенін айтып, осы өңірде адал, аржарқын, ниеттес достарының барына қуанатынын жеткізді.

 

 

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевқа сөз берілген кезде аймақ басшысы Ращад Маммадовтың иығына ата дәстүрімен шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

 

Алик Серікұлы елшіге жаңа қызметінде толағай табыстар тілеп, Қазақстан мен Әзірбайжан елінің туыстық, достық, ынтымақтастық қарым-қатынастары нығайып, өркендей түсуіне қосқан зор үлесі үшін Рашад Маммадовқа шынайы алғысын білдірді және қос мемлекеттің экономикалық, мәдени қарым-қатынастары жыл сайын жаңа, биік сатыға көтеріліп келе жатқанын, дами түскенін атап өтті, туысқан елге кемел келешек тіледі.

 

Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы дипломатиялық өкілдігінің басшысы болып бүгінде Эльхан Зейналов тағайындалған.

 

Мерекелік кешті әзірбайжандық өнерпаздардың әсем әндері мен әуезді әуендерінен тұратын концерт жалғастырды.

 

Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтар әзірбайжан диаспорасының өкілдерін ел Тәуелсіздігінің – 25 жылдығымен қызу құттықтап, туысқан елге өркендеп дамуды, бейбіт өмір мен жарқын болашақты тіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему