Шенеунік және кәсіпкер
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 00:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шенеунік және кәсіпкер

4 Апреля 2016 (09:58) | 1970 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда қала прокуратурасының бастамасымен «Олжа»әмбебап сауда орталығында кәсіпкерлікті қолдау бағытында, қалалық құзыретті органдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардың (ҚР Ұлттық Банкінің Маңғыстау облысы филиалының өкілі, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі, «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қорының Маңғыстау филиалының директоры, Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау Басқармасы, Ақтау қалалық мемлекеттік кірістер Басқармасы басшысы, Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысы, Маңғыстау облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу Басқармасы, Ақтау қалалық мәслихат хатшысы) басшылығының және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары тілшілерінің қатысуымен «Шенеунік және кәсіпкер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, кәсіпкерлерді қабылдау ұйымдастырылды.

 

Аталған шараға 40-тан аса кәсіпкерлер қатысып, оларға прокуратура және басқа да құзыретті органдар тарапынан кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және кәсіпкерлікті дамыту, қолдау мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндамалар жасалып, кәсіпкерлік туралы заңнамалардың талаптары түсіндірілді.

 

Сонымен қатар, әрдайым осындай шараларды өткізу барысында кәсіпкерлер әуежайлардағы кеден қызметкерлеріне сын - ескертпелерін білдіріп, кейбір мәселелер бойынша қиындықтар туындайтынын көрсетуіне байланысты, қала прокуратурасымен, Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілі қатыстырылып, кәсіпкерлердің тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берілді.

 

 

«Сондай-ақ, кездесу қорытындысымен Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Кеден Басқармасына кәсіпкерлермен тығыз және ашық түрде жұмыс жасауды және сауда - саттық орындарда өзге елден әкелінген тауарлардың салықтары жөніндегі ақпаратты орналастыру тапсырылды», - деп хабарлады біздің басылымға Ақтау қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему