Республикалық байқауда Маңғыстаудан екі мемлекеттік қызметші үздік атанды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 22:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Республикалық байқауда Маңғыстаудан екі мемлекеттік қызметші үздік атанды

21 Июня 2019 (09:44) | 4713 | Автор: Нурганым Имашева

Ағымдағы жылғы 20 маусымда, кәсіби мереке - Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының финалдық кезеңі өтті. Маңғыстау облысынан конкурстың облыстық кезеңінде үздік деп танылған 7 әкімшілік мемлекеттік қызметші қатысты.

 

 

Республикалық комиссия еліміздің әр өңірінен келген 10 мемлекеттік қызметшіні үздік деп таныды. Қуантарлығы, облыстың 2 бірдей әкімшілік мемлекеттік қызметшісі үздіктер қатарынан көрінді.

 

Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Әсел Балманова, Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары ауылдық деңгейдегі әкімдерді бағалау бойынша жоба ұсынған болатын. Жоба республикалық комиссия тарапынан қызығушылық туғызды.

 

Сондай-ақ, Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Раушан Кесікбаеваның бұрынғы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселесі бойынша жобасы да үздік жобалардың бірі ретінде танылды.

 

 

Әсел Аманбекқызы мен Раушан Қадырбергенқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

 

Өткен 2018 жылы да Маңғыстау облысының 2 әкімшілік мемлекеттік қызметшісі үздік жиырманың ішінен көрінгендігін еске сала кеткен жөн. (Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов және Маңғыстау облысының Қаржы басқармасының бөлім басшысы Рамир Алекберов)

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Гүлназ, 24 Июня 2019 (11:59)
0 0
Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын
Акнур, 24 Июня 2019 (11:57)
0 0
Шын жүректен кұттықтаймын
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему