QazaqGaz және UCC Holding ГӨЗ және магистральды газ құбырларының құрылысында серіктестік орнатуға келісті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 12:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

QazaqGaz және UCC Holding ГӨЗ және магистральды газ құбырларының құрылысында серіктестік орнатуға келісті

15 Февраля 2024 (10:49) | 4243 | Автор: Редакция

«QazaqGaz»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен катарлық конгломерат Power International Holding төрағасы Мохамед Мутаз Аль-Хаят еншілес компаниясы UCC Holding атынан бірнеше келісімге келді. Құжаттарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катарға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылды. Аталған келісімдер еліміздің газ саласын дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Келісімдердің бірі «КС-14» компрессорлық станциясы және Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы «КС-14 – Қостанай» магистральды газ құбырының құрылысына инвестиция тартуды көздейді. Бұл өңірлерді газдандыру, Қостанай облысында ірі жобаларды жүзеге асыру бағытында қолға алынған стратегиялық маңызды жоба.

Сонымен қатар, тараптар еліміздің оңтүстігі мен орталығы үшін маңызды нысан, қуаты жылына 15 млрд текше метрді құрайтын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының екінші тармағын салу бойынша келісімге келді.

 Бұдан басқа, Қашағанда қуаты жылына 1 млрд және 2,5 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауыттарын салу бойынша екі келісім жасалды. Зауыттардың құрылысы елімізде тауарлық газ ресурсының артуына ықпал етеді.

Айта кетейік, 14 ақпанда «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен UCC Holding жалпы сомасы 11 млрд долларды құрайтын төрт келісімге қол қойды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему