Военные моряки отработали навыки кораблевождения в Каспийском море
5 Августа 2025 (10:57) | 996
|
Автор: Редакция
В центральной части Каспийского моря прошёл учебно-тренировочный штурманский поход с участием военнослужащих Военно-морских сил Казахстана. Моряки совершенствовали навыки управления кораблём и на практике изучали организацию штурманской службы.
Главная цель тренировки — повышение уровня штурманской подготовки и развитие профессиональных компетенций. В ходе похода личный состав прошёл подготовку к несению штурманских вахт, отработал действия в составе вахтенных офицеров и закрепил теоретические знания в реальных условиях.
— Проведение таких походов способствует росту профессионального мастерства, формированию лидерских качеств и укреплению боевого потенциала штурманской службы, — отметил флагманский специалист штаба по штурманской подготовке капитан-лейтенант Куанышбек Дюсембаев.
Во время занятий особое внимание уделялось изучению особенностей морского театра военных действий и решению навигационных задач с использованием различных методов кораблевождения. По завершении учебного похода офицеры штурманской боевой части успешно сдали зачёт.
Каспий теңізінде әскери теңізшілер кеме жүргізу машықтарын пысықтады
Каспий теңізінің орталық бөлігінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері қатысқан оқу-жаттығу штурмандық жорығы өтті. Теңізшілер кемені басқару дағдыларын жетілдіріп, штурмандық қызметті ұйымдастыруды тәжірибе жүзінде меңгерді.
Жаттығудың басты мақсаты – штурмандық дайындық деңгейін арттыру және кәсіби құзыреттілікті дамыту. Жорық барысында жеке құрам штурмандық вахтаны атқаруға дайындықтан өтіп, вахталық офицерлер құрамындағы әрекеттерді пысықтап, теориялық білімдерін нақты жағдайда бекітті.
– Мұндай жорықтарды өткізу кәсіби шеберлікті арттырып қана қоймай, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға және штурмандық қызметтің жауынгерлік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді, – деді штурмандық дайындық бойынша штабтың жетекші маманы капитан-лейтенант Қуанышбек Дүйсембаев.
Сабақтар барысында теңіздегі әскери іс-қимылдар театрының ерекшеліктерін зерттеуге және түрлі кеме жүргізу әдістерін қолдану арқылы навигациялық міндеттерді шешуге ерекше көңіл бөлінді. Оқу жорығының қорытындысы бойынша штурмандық жауынгерлік бөлімшенің офицерлері сынақты сәтті тапсырды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz













