Отбасылық байланыстарды жаңарту және әлеуметтік ашықтық: азаматтық хал актілерін өзектендіру
Курс валют в Актау
на 09/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
9 Мая, 21:27
Вход |Регистрация
Главное » Важные новости

Отбасылық байланыстарды жаңарту және әлеуметтік ашықтық: азаматтық хал актілерін өзектендіру

12 Января 2024 (10:58) | 177 | Автор: Редакция

«Азаматтарғаарналғанүкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы 2023 жылдың екінші жарты жылдығында 2 708 мыңнанастамазаматтық хал актілерінеөзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтатын болсақ, 2 494 туу туралы, 169 неке қию, 43 неке бұзу туралы, 2 қайтыс болу туралы акт жазбаларына өзгертулер енгізу туралы азаматтардың өтініштері қанағаттандырылды. Көбінесе Маңғыстаулықтар отбасының құрамын растау, балалары туралы ақпаратты енгізу және некеге дейінгі немесе некеден кейінгі тегін ауыстыру үшін өтініштер берген.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ұлттыққор - балаларға» жобасы іске қосылды. Еліміздегі барлық балалар бағдарламаға сәйкес жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің бір бөлігін алатын болады. Ата-аналар, қорғаншылар, қамқоршылар eGov.kz порталында азаматтық хал актілеріндегі балалар туралы мәліметтерді тексереді.

Ақпаратты өзектендіру мүдделі тараптың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Тіркеу жазбасы «АХАТ» ақпараттық жүйесінде болған жағдайда, қызметті беруші тарап 2 жұмыс күні ішінде өзгерістер енгізеді. Аталмыш ақпараттық жүйеде түзетулер үшін негіз болатындай жазбалар болмаса, қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Қосымша айта кетер болсақ, маңызды хабарламалар мен әлеуметтік қызметтерді уақтылы алу үшін мемлекетті отбасыңыздың құрамы туралы хабардар ету қажет. Толық және дұрыс мәліметтер базасының арқасында, мемлекет бүкіл ел және әрбір аймақ бойынша жеке, нақты демографиялық мәліметке ие болды. Бұл инфрақұрылымды - балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды дамытуды жоспарлауға және әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

 

Обновление семейных связей и социальная открытость: актуализация актов гражданского состояния

Во втором полугодии 2023 года в НАО ГК «Правительство для граждан» по Мангистауской области внесены изменения и дополнения в более чем 2 708 тысяч актов гражданского состояния. В частности, удовлетворено 2494 заявления граждан о внесении изменений в записи о рождении, 169 о браке, 43 о разводе, 2 свидетельства о смерти. Большинство Мангистауцев подали заявления о подтверждении состава семьи, внесении сведений о своих детях и изменении фамилии до или после вступления в брак.

Напомним, с 1 января 2024 года по поручению Президента РК Касым-ЖомартаТокаева запущена программа «Национальный фонд – детям». Все казахстанские дети в соответствии с программой ежегодно будут получать часть инвестиционного дохода Нацфонда. Родители, опекуны, попечители проверяют сведения о детях в актах гражданского состояния на портале eGov.kz.  

Актуализация сведений производится по заявлению заинтересованного лица. Если актовая запись имеется в информационной системе «ЗАГС», услугодатель вносит изменения в течение 2 рабочих дней. Если в информационной системе нет записей, которые могли бы стать основанием для корректировки, срок оказания услуги продлевается не более чем на 5 рабочих дней.

Добавим – информировать государство о составе своей семьи нужно, чтобы своевременно получать важные сообщения и социальные услуги. Благодаря полным и корректным базам данных у государства имеется реальная демографическая картина в целом по стране и отдельно по каждому региону. Это позволяет планировать развитие инфраструктуры – детских садов, школ, больниц – и разрабатывать различные социальные

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему