Ақтауда қоғамдық көліктегі жолақы қымбаттамақ
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 09:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда қоғамдық көліктегі жолақы қымбаттамақ

17 Июля 2015 (09:39) | 2083 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жақын арада қаладағы қоғамдық көліктерде жолақы 35 теңгеден 50 теңгеге және қалаға жақын елді-мекендерде 45 теңгеден 70 теңгеге қымбаттамақ. Бұл жайында «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев мәлімдеді. Оның айтуынша, тасымалдаушы мекемелер өкілдері жанармай мен қосалқы бөлшектер қымбаттағандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр.

 

-Ақтауда соңғы рет қоғамдық көліктегі баға осыдан 3 жыл бұрын бекітілген болатын. 35 теңге еліміз бойынша ең төменгі баға, Қызылораданың өзінде 50 теңге, олар да бағаны көтерейін деп отыр.

Жолақы тарифі 35-тен 50 теңгеге көтерілетіндіктен, тасымалдаушы мекемелер де халыққа сапалы қызмет етуі тиіс. Тасымалдаушы мекемелер бағаны көтеруге талап қойған болатын. Ол өтініштері орындалды, Ақтау қалалық мәслихаты тарапынан қолдау тапты. Қоғамдық тыңдауды екі мәрте ұйымдастырдық.

Тасымалдаушы мекемелер енді халық игілігіне қызмет жасайды, қызмет сапасы жақсарады деп сенеміз. Бір айдың көлемінде барлық қоғамдық көліктерде жолақы қымбаттайды. Соған сәйкес үлкен сыйымдылықтағы, төмен табалдырықты, заманауи жаңа автобустардың қатары да көбейетін болады,-дейді Жетібай Құбашев.

 

 

Қоғамдық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қаладағы бірқатар қоғамдық көліктерге GPS құрылғысы және бейне бақылау камералары орнатылып, олардың жұмыстары онлайн режимінде бақылауға алынған. Осы арқылы мамандар қоғамдық көліктегі қолының сұғанағы бар ұрылардың да жолын кесіпті.

 

«Жаңа техника талапқа сай жұмыс жасайды. GPS қондырғысы көліктің қай бағытта жүргенін анықтап ақпарат беріп отырады. Ал бейне-бақылау көлік ішіндегі тәртіпті бақылайды. Бейне-бақылау камераларын орнату қылмыспен күресуде, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Енді біз онлайн режімінде бақылау жасап, автобус күніне қанша жолаушыға қызмет көрсеткенін де анықтай алатын болдық»,-дейді бөлім басшысы Ж. Құбашев басылымға берген сұхбатында.

 

Сондай-ақ, тасымалдаушы мекемелер байқаудың талаптары бойынша көліктердің барлығына бейне-бақылау камерасын орнатып, қызмет көрсетушілерді бірыңғай формамен жасақтап, уақыт интервалын қатаң сақтауы керек. Егер мұндай талаптар орындалмайтын болса, оларға арнайы айыппұл салынумен қатар, келесі жылы байқауға қатысудан шеттетілетін болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему