«Тұлпар» сауықтыру лагерінде «Қауіпсіз балалық шақ»  іс-шарасы өткізілді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 20:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Тұлпар» сауықтыру лагерінде «Қауіпсіз балалық шақ» іс-шарасы өткізілді

17 Июля 2015 (09:32) | 4597 | Автор: Нурганым Имашева

 

 Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасымен 16 шілдеде Каспий теңізі жағалауында орналасқан «Достар» демалыс базасындағы «Тұлпар» сауықтыру лагерінде демалушы балаларға арналған «Қауіпсіз балалық шақ» іс-шарасы ұйымдастырылды.

 

Аға тәрбиеші Флюра Денисова жүргізген аталмыш іс-шараға лагерьде тынығып жатқан 190 бала қатысты.

 

Олар «Бәйтерек», «Адреналин», «Болашақ» және «Достар» аталған 4 командаға бөлінді, балаларға «Тұлпар» лагерінің 6 тәрбиеші-жетекшілері басшылық етті.

 

Балғындар арасында келесі сайыстар өткізілді: команданы таныстыру (топтың ұранын тақпақтап айту, команданың эмблемасы және формасы), плакат және сурет салу сайысы, блиц - турнир (өрт қауіпсіздігі, судан құтқару бойынша сұрақ-жауап); медициналық көмек көрсету (сұрақ-жауап); спорттық эстафеталар.

 

Балалар жарыстарға белсене қатысып, сұрақ-жауап сайыстарында әр топ өз білімдерін көрсетуге тырысып бақты.

 

Сайыс қорытындысы бойынша «Ең үздік плакат» аталымы бойынша «Адреналин» тобы жеңіске жетсе, екінші орынды-«Достар» тобы жеңіп алды, ал «Байтерек» командасы үшінші орынға лайық деп танылды.

 

Командалық есепте 1-ші орынды «Болашақ» тобы, 2-ші орынды «Достар» командасы жеңіп алса, 3-ші орынға «Адреналин» тобы жайғасты және 4-ші орынды «Байтерек» командасы иеленді.

 

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жарыстарға белсене қатысқан топтарды, сонымен қатар үздік плакат, сурет салған балғындарды арнайы сыйлықтар және грамоталармен марапаттады.

 

 

Шара соңында №1 мамандандырылған өрт бөлімінің сарбаздары балаларды өрт сөндіру техникасымен таныстырып, судан құтқару бөлімшесі теңізге «батқан» адамды құтқару операциясын ұйымдастырды.

 

«Тұлпар» сауықтыру лагерінің 4-ші тобының тәрбиешісі Үміт Маратқызы:

-Өткізілген шараның балалар үшін маңызы зор деп есептеймін. Жеткіншектер бұл жарыстар барысында төтенше жағдайлар туындаған кезде қандай қауіпсіздік әрекеттерін жасау, қалай қимылдау дағдыларына үйренді.

Мұндай сайыстар Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен біздің лагерь балалары арасында жыл сайын өткізіліп тұрады. Балалар да бұл жарыстарға қуана-қуана қатысады, ерекше белсенділік танытады.

Шараны ұйымдастырушыларға зор алғыс білдіреміз,-деді.

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Азамат Құлмановтың мәлімдеуінше: «Балалар арасында бұл сайыстарды ұйымдастырудағы мақсат-жас жеткіншектерді төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету, өрт оқиғалары пайда болғанда және суға бату кездерінде өздері және жанындағыларға көмек көрсете білу, шұғыл әрекет ету қызметтеріне дер кезінде хабарлау сияқты қажетті шұғыл әрекеттерге баулу.

 Іс-шара мақсатына жетті деп санаймыз, осындай арнайы ұйымдастырылған сайыстардың арқасында біздің балалар жас кезінен бастап өмір қауіпсіздігінің негізін үйреніп, өзіне және жақындарына көмектесе алады».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему