Түркиядан жүлдемен оралды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түркиядан жүлдемен оралды

14 Июля 2015 (09:48) | 1761 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда Түркияның Кемер қаласында өткен VI халықаралық «DanceOlympia» фестивалінде маңғыстаулық қос өнер ұжымы екі бірдей І-орынды иеленіп, елге олжалы оралды.

 

Халықаралық өнер сайысында ел намысын Ақтаудағы «Абай атындағы мәдени-демалыс кешеніне» қарасты «Меруерт» би ансамблі мен «Улыбка» би ұжымы қорғады.

 

Аталмыш өнер додасында ақтаулық қос ұжым «Заманауи хореография» жанрында өнер көрсетті. Байқауда бүкіл ел намысын қорғаған таланттарды Ольга Хныкина, Наталья Захарова, Виктория Литау сынды өлкеге белгілі ұстаздар дайындады.

 

Қазылар алқасын өнерлерімен таңқалдырған қос ұжым жүлделі І-орынды иеленсе, «Меруерт» би ансамблінің жетекшісі Наталья Захарова «Жоғары деңгейлі сахна мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» дипломымен марапатталды.

 

-Байқауда қазылар алқасы мен көрермен назарына «Меруерт» би ансамблі халық биі бойынша «Валенкиді», заманауи бағытта «Латинаны» және классикалық бағытта «Элегия» биін ұсынды.

 

 Ал, «Улыбка» би ұжымы кіші топ бойынша өнер көрсеткендіктен «Паровоз Букашка», «Недетское время» және «Я хочу танцевать» биін биледі.

 

 

Бишілеріміздің өнерін қазылар алқасы жоғары бағалады. Балалар тек байқауға қатысып қана қоймай, жазғы демалыс кезінде күнге қыздырынып, таза ауамен тыныстап, демалып та қайтты.

 

 

Бізге қолдау көрсетіп, сайысқа қатысуымызға жағдай жасаған барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Қолдаушыларымыздың үмітін ақтап, елге жүлделі орынмен олжалы оралғанымызға өте қуаныштымыз,-дейді «Меруерт» би ансамблінің жетекшісі Наталья Захарова.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему