Нотариус қызметкерлері сынақтан өте алмады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 13:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Нотариус қызметкерлері сынақтан өте алмады

14 Июля 2015 (09:39) | 2314 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыста нотариус қызметімен айналысу құқығына аттестаттау өткізілді. Сынақтан өту үрдісі Әділет департаментінің ғимаратында арнайы жабдықталған кабинетте өтті.

 

 Аттестаттаудың бекітілген ережесіне сәйкес үміткерлер бірінші кезеңде тест тапсырды. Екінші кезеңге жолдама алғандар емтихан билеттеріне ауызша жауап беруі тиіс болатын. Алайда сынақ тапсырушы он үміткер 100 сұрақтың 30-на ғана дұрыс жауап бергендіктен екінші кезеңге өте алмады.

 

Аттестаттауға қатысқан үміткерлер құқыққорғау, әділет органдарында адвокаттың және жеке нотариустардың көмекшілері және басқа да мекемелерде заңгер болып жұмыс жасайды. Тестілеу барысында үміткерлерге ҚР-ның қолданыстағы заңнамалары бойынша сұрақтар қойылды.

 

 

Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүзеге асты. Берілген 100 сұрақтың 70-і және одан да жоғары дұрыс жауаптарды алған үміткерлер екінші кезеңге жолдама алуы тиіс болатын.

 

-ҚР-ның Заңына сәйкес нотариус қызметімен жоғары білімі бар, заң саласында 2 жыл жұмыс жасаған, аттестаттаудан өткен кез-келген маман айналыса алады. Алайда, бүгінгі сынақтан ешбір үміткер өте алмады, олар келер жылы қайтадан бақтарын сынайтын болады. Жалпы екінші кезеңде үміткерлер емтихан билеттеріне ауызша жауап беруі керек болатын. Әрбір үміткердің берген дұрыс жауабын Комиссия мүшелері 5 сандық жүйеге дейін бағалауы тиіс. Комиссия құрамында Әділет департаменті қызметкерлерінен басқа адвокат, нотариус және бір заң ғылымдарының кандидаты бекітілген,-дейді Маңғыстау облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары Бекболат Колумбаев.

 

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында лицензиясы бар 88 нотариус жұмыс жасайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему