«Ән салу» үйірмесінің балғындары жазғы демалысын көңілді өткізуде
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 12:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ән салу» үйірмесінің балғындары жазғы демалысын көңілді өткізуде

7 Июля 2015 (15:57) | 4010 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Қосымша білім берудің мән-маңызы жайлы айтар болсақ, оның оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға және кәсіби-бейіндік басымдықтарымен жас ұрпақты жан-жақты жетілген жеке тұлға, толыққанды азамат ретінде тәрбиелеуде ықпалы мен әсері зор.

 

Қалалық «Ән салу» үйірмесі жаз мезгілінде балаларды бос уақытын үнемді пайдалануға баулиды. Аталмыш үйірменің ұйымдастыруымен жаз мезгілінде оқушыларды өлкенің көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында танымдық жұмыстар атқарылуда.

 

«Ән салу» үйімесінің қосымша білім педагогы Ұлболсын Хамзақызы Нұрлыбаеваның айтуынша, «Балалар облысымыздың өлкетану, мәдени-қорық мұражайларына саяхаттап, ойын-сауық орталықтарына барып, серуендеп, эстетикалық бағыттағы спектакльдерді көруге облыстық музыкалық-драма театрына барып «Тақиялы ботақан» қойылымын, облыстық қуыршақ театрында «Қаңбақ шал» ертегісін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

 

Сонымен қатар, балғындар өлкеміздің өнер ордасымен танысу мақсатында облыстық филармония өнер ұжымының концертін тамашалады. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған өнерпаздардың ұлттық нақышта орындаған, 3Д экрандық бейнемен берілген тамаша туындыларын тыңдап қайтты.

 

 

 1 Маусым-балаларды қорғау күніне облыстық әмбебап кітапханасының шақыртуымен «Бақытты балдырған» концертінде өнер көрсеткен «Шырай» вокальдық тобы «Әже», «Мақсат», Жарылғап Жүрсін «Достарым» әндерін орындап жас бүлдіршіндерді құттықтады, сондай-ақ музыкалық студияларға, облыстық кітапхананың балалар, өнер, жасөспірімдер бөлімдеріндегі қызықты да жаңа үлгідегі кітап қорларымен танысып, ойын ойнап, сурет, өнер көрмелеріне бару арқылы, балаларды мәдениеттілікке, адамгершілікке, татулық пен достыққа тәрбиелеу көзделуде. Мұның бір мысалы-жуырда «Ән салу» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен балалар әніне арналған «Сәлем, Астана!» атты Астана қаласының 17 жылдық мерей тойына орай концерттік мерекелік шара өтті. Мақсаты-оқушыларға еліміздің бас қаласы-Астана туралы мәлімет беру, балғындардың бойында ізгілік қасиетін дамыта отыра Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, Отанын сүйетін патриоты болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың қазақ елінің ынтымақта көркейіп, халқымыздың бейбітшілік пен молшылықта өмір сүру үшін барлық жағдайды жасап, республика экономикасының дамуы жолында жасалып жатқан игі істері туралы да мағлұмат берілді.

 

Аталмыш шара балалардың әр сағатын маңызды ету үшін ұйымдастырылып концерттік бағдарламада өнер көрсеткен жас әншілерге жетекшілік жасап, сахнаға дайындаған «Ән салу» үйірмесінің орта топ оқушылары болса, олардың өнеріне қазылық жасағандар үйірменің үлкен тобы болды.

 

 Концерттің негізгі бағыты оқушылардың өз бетінше жұмыс жасай білуімен ән орындаушылық өнерін терең түсініп, оны өзгелерге үйрете отырып өз-өзін басқаруға баулу болатын.

 

Балалардың әншілік өнерге қызығушылық танытқандарының ішінен іріктелініп алынған оқушылар өнер көрсетті. Концерттік кешке өзімнің шәкіртім қазіргі Астана қаласының Қазақ ұлттық өнер университетінің 4 курс студенті «Әртістік шеберлік режиссер әрі кино және телевидение продюссері» мамандығының 4 курс студенті Төлжанова Ақбөбек бас төреші болса, алқа мүшелігіне «Шырай» вокалдық тобы тағайындалды. Кештің шымылдығын «Көк тудың желбіргені» әнімен ашқан Жарылғып Жүрсін мен Әскербаева Александра оқушыларды елдікке рухтандырса, «Біз өмірдің гүліміз», «Мамам-гүлдің бапкері» әндерін тамылжыта орындаған «Балғын» вокалдық тобына қошемет зор болды.

 

«Балауса» вокалдық тобы балалық пәк тілегін «Бала тілегі» шығармасымен жеткізсе, туған жеріне деген үлкен сүйіспеншілігін «Туған жер» әнімен жеткізген Жарылғап Жүрсін көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады.

 

«Әкетайым» әнін трио әуелете жеткізсе, «Гүл көбелек», «Астана» әндерін шалқыта шырқаған «Ләзім» вокалдық тобына қошемет шексіз болды.

 

Концерт соңында сөз алған қазылар алқасының бас төрешісі жас әншілерге өнердің айдынында еркін жүзіп шыңдалып, асқар шыңына жете беруін тілесе, ұстазына талантты да дарынды шәкірттеріңіз сізді өнердің асқар шыңына жеткізсін деген жүрек жарды ақ тілегін жеткізді».

 

-Әрине, өнер жолында тер төгу дегеніміз-өз еңбегіңді жемісті атқара жүріп, қазақ ұлтының мәдениетін әлемге таныту деген сөз, шәкірттерім өнер жолында өз орнын тауып жатса менің жетістігім де сол деп білем,-дейді «Ән салу» үйімесінің қосымша білім педагогы Ұлболсын Хамзақызы Нұрлыбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему