Журналистер өртсөндірушілердің кейпіне еніп, саланың жаңа техникасымен танысты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 09:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Журналистер өртсөндірушілердің кейпіне еніп, саланың жаңа техникасымен танысты

30 Июня 2015 (10:31) | 1559 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Елімізде жыл сайын 28-маусым күні аталып өтілетін «Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күні» қарсаңында ақтаулық журналистер қауымы өртсөндірушілердің шақыруымен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар Департаментіне қарасты «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне барды.

 

Төтеншеліктер тілшілер қауымына өртсөндірушілер кейпіне еніп, шабуыл сатысымен 4 қабаттық ғимараттың деңгейіндегі биіктікке өрмелеп, кедергіні жеңу, соңынан арқанмен тез жерге сырғып түсу, өрт оқпанын пайдаланып, арыны қатты сумен шартты «өртті» сөндіру және т.б. сынақтардан өтуді ұсынды.

 

Сынақтан өтуге бел буған БАҚ өкілдері өртсөндірушілердің қызметінің ауырлығын бірден сезінді, себебі арнайы дайындықтан өтпеген кез-келген адам аталмыш кедергілерді оңайлықпен жеңуі екіталай екені әп сәтте-ақ белгілі болды.

 

 

Әйтсе де өздерін сынап көрмек болған «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының операторы Бейбіт Нұрсейіт пен «Лада» газетінің фототілшісі Қадірбек Айдарұлы жаттығуларды орындау барысында намысқа тырысып бақты.

 

Өртсөндіруші-құтқарушылардың қызметінің қаншалықты жүгі ауыр екенін сезінген Қадірбек Айдарұлы:

 

-«Өрт-тілсіз жау дегендей» онымен күресу оңай емес, құтқарушы-сарбаздардың өз қызметінде нағыз ерлік көрсететінін өз басым, шын мәнінде, сезіндім. Өртсөндірушілердің арнайы киімдерінің өзі қандай ауыр екенін білеміз, осындай ыстықта тез қимылдай жүріп, өрттен адамды құтқару және өртті сөндіріп үлгеру асқан ерлікті талап ететіні белгілі.

 

 

Алған әсерім өте жақсы. Адреналин дегеннің не екенін сезіндім. Екінші қабатқа көтерілгенше қиын болмағанмен, одан әрі күрделірек болды. Өртсөндірушілердің көмегімен кедергіні жеңіп шықтым. Жүгіруге болады, бірақ дайындықсыз биікке шыққан сайын қиын екен.

 

Біз үшін осындай сайысты ұйымдастырған құтқарушы-сарбаздарға алғысымды білдіремін. Нағыз ержүрек азаматтардың қызметін атқарып жүрген оларға деген құрмет ерекше болуы тиіс,-деген өз ойымен бөлісті.

 

 

Өртсөндірушілер тілшілер қауымына жақында алынған, Қазақстанда жасалып, сынақтан өткен, бірқатар жаңа технологиялық жабдықтарды көрсетіп, олардың мүмкіншіліктерімен таныстырды.

 

-БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері атынан шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі күні төтенше жағдай саласының қызметінің күрделілігін біздің ұйымдастырған сайыстарымыз арқылы өздеріңіз сезінген шығарсызлдар деп ойлаймын.

 

 

Осындай қызметкерлерімізбен және осы сынды жаңа, заманауи техникамен Маңғыстау халқын төтенше жағдайлардан қорғауға біз әрқашан дайынбыз.

 

Жергілікті бюджеттен қаржы бөлінуімен біздің салаға бұрын бізде болмаған жаңа үлгідегі өртсөндіру және құтқару техникасы, құрал-жабдықтары алынды. Бұл біздің саланың дамуына өз септігін тигізетіні анық. Қажетті техниканы әрқашан дайындықта ұстауға біздің жеке құрамымыз әрқашан дайын,-деді «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары Басқармасының» бас маманы Қанат Дүйсенбайұлы Есназаров тілшілерге берген сұхбатында.

 

Бұдан кейін төтеншеліктер журналистерді төл мерекесімен құттықтап, сала қызметін халыққа жария етіп жүрген тілшілер қауымын ТЖ Департаменті атынан Алғыс хат және сый-сыяпатпен марапаттап, әдемі гүл шоқтарын ұсынды.

 

Маңғыстау облыстық ТЖ Департаментінің басшысы өртке қарсы қызмет полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен қызу құттықтап, тілшілер қауымына қоғамдық пікір қалыптастырудағы адал қызметтері үшін шынайы алғысын білдірді, ізгі тілектерін арнады..

 

Шара соңында журналистердің назарына өнерлі өртсөндірушілердің орындауындағы әсем әндерден концерт ұсынылды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему