Дәрігерлер БАҚ өкілдерін құттықтады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дәрігерлер БАҚ өкілдерін құттықтады

29 Июня 2015 (16:49) | 2136 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Ақпарат және байланыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті БАҚ саласында қызмет етіп жүрген тілшілер қауымын төл мерекелерімен қызу құттықтады.

 

Биылғы жылғы құттықтау рәсімін жыл сайынғы қайталанатын дәстүрлі салтанатты жиын форматынан дастархан басында емін-еркін әңгімелесу түріне ауыстыруды жөн санаған дәрігерлер қауымы журналистерге мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Бектубаев тілшілерге арнаған құттықтау сөзінде:

-Дәрігерлер сияқты журналистердің де халық үшін атқарып жатқан қызметтері ұшан теңіз. Аймақ медицинасының қол жеткізген жетістіктері, медицина қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі туралы басылым беттерінде жазылып жатқан мақалалар да, теледидардан көрсетіліп жатқан хабарлардың да көп екені қуантады.

 

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, қызметтеріңізге үлкен табыс тілеймін,-деді.

 

Ақ желеңді абзал жандар БАҚ өкілдеріне өздері дайындаған шағын концертті ұсынып, әсем әуезді ән мен жырдан шашу шашты.

 

 

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының кадр бөлімінің басшысы Ізмұратова Ақмарал Қалдыбайқызы шеберлікпен жүргізген мерекелік жиында ұзақ жылдар медицина тақырыбына қалам тербеп жүрген ардагер-журналистер мен шығармашылық қызметін енді ғана бастап жатқан жас тілшілерден қысқаша сұхбат алынып, салнатты кеште дәрігерлер мен журналистер қауымы бір-бірімен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды.

 

 

 

БАҚ өкілдерін сонымен қатар Басқарма басшысының орынбасары Алмабек Қонарбайұлы Бисен, Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Тілепов, облыстың ардагер-дәрігерлері Қоғамының төрағасы Сәбит Шұғайыпұлы Кузанов және аймақтың денсаулық саласын дамытуға зор үлес қосқан профессор дәрігер Естөре Оразақов пен өзге де дәрігерлер туралы кітаптардың авторы Қойлыбай Қаражанов сынды азаматтар құттықтап, жылы лебіздерін арнады.

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болған қатарында облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшілері, «Огни мангистау», «Маңғыстау» облыстық газеттерінің, республикалық «Айқын» басылымының меншікті тілшісі, қалалық «Не хабар?», «Тумба», «Лада» апталықтарының журналистері және «Қазақстан-Жаңаөзен» телеарнасының тілшілері бар.

 

Қалам иелері де өздеріне көрсетілген сый-құрметке ризашылықтарын білдіріп, дәрігерлер атына алғыстарын жаудырды, денсаулық сашыларының ерен еңбегін атап өтті.

 

Мерекелік кештің соңы көңілді әуендер аясындағы биге ұласты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему