Ораза басталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 11:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ораза басталды

18 Июня 2015 (19:16) | 9339 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бүгін айлардың сұлтаны Рамазан айы басталды. Осыған орай, ораза ұстап, ауыз бекіткен ағайын үшін ораза ұстау кестесі мен оразаның шарттары туралы мағлұматты ұсынып отырмыз. Айта кетейік, биыл әр адамға берітелітн пітір садақаның мөлшері 200 теңгені құрайды. Оразаларыңыз қабыл болсын!

 

Мейірімді, Рахымды Алланың атымен!

РАМАЗАН МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

«Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» («Бақара» сүресі, 185-аят)

 

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ОРАЗА ҰСТАУ МЕН НАМАЗ ОҚУ УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Ақтау қаласы бойынша 2015 жыл – хижраша 1436 жыл

Рамазан айының реті

Апта күндері

Маусым және шілде айы

Таң намазы

Күннің шығуы

Бесін намазы

Екінті намазы

Ақшам намазы (ауыз ашу)

Құптан намазы

1

Бейсенбі

18-06-2015

3:52

5:52

13:35

18:55

21:24

22:54

2

Жұма

19-06-2015

3:52

5:52

13:35

18:55

21:24

22:54

3

Сенбі

20-06-2015

3:52

5:52

13:36

18:56

21:25

22:55

4

Жексенбі

21-06-2015

3:52

5:52

13:36

18:56

21:25

22:55

5

Дүйсенбі

22-06-2015

3:52

5:52

13:36

18:56

21:25

22:55

6

Сейсенбі

23-06-2015

3:52

5:52

13:36

18:56

21:25

22:55

7

Сәрсенбі

24-06-2015

3:53

5:53

13:37

18:56

21:25

22:55

8

Бейсенбі

25-06-2015

3:53

5:53

13:37

18:57

21:25

22:55

9

Жұма

26-06-2015

3:53

5:53

13:37

18:57

21:25

22:55

10

Сенбі

27-06-2015

3:54

5:54

13:37

18:57

21:25

22:55

11

Жексенбі

28-06-2015

3:54

5:54

13:37

18:57

21:25

22:55

12

Дүйсенбі

29-06-2015

3:55

5:55

13:38

18:57

21:25

22:55

13

Сейсенбі

30-06-2015

3:55

5:55

13:38

18:57

21:25

22:55

14

Сәрсенбі

1-07-2015

3:56

5:56

13:38

18:57

21:25

22:55

15

Бейсенбі

2-07-2015

3:56

5:56

13:38

18:57

21:25

22:55

16

Жұма

3-07-2015

3:57

5:57

13:38

18:57

21:25

22:55

17

Сенбі

4-07-2015

3:57

5:57

13:39

18:57

21:24

22:54

18

Жексенбі

5-07-2015

3:58

5:58

13:39

18:57

21:24

22:54

19

Дүйсенбі

6-07-2015

3:59

5:59

13:39

18:57

21:24

22:54

20

Сейсенбі

7-07-2015

3:59

5:59

13:39

18:57

21:23

22:53

21

Сәрсенбі

8-07-2015

4:00

6:00

13:39

18:57

21:23

22:53

22

Бейсенбі

9-07-2015

4:01

6:01

13:39

18:56

21:23

22:53

23

Жұма

10-07-2015

4:01

6:01

13:39

18:56

21:22

22:52

24

Сенбі

11-07-2015

4:02

6:02

13:40

18:56

21:22

22:52

25

Жексенбі

12-07-2015

4:03

6:03

13:40

18:56

21:21

22:51

26

Дүйсенбі

13-07-2015

4:04

6:04

13:40

18:56

21:21

22:51

 

13-ші шілдеден 14-ші шілдеге қараған түн Қадір түні

27

Сейсенбі

14-07-2015

4:05

6:05

13:40

18:55

21:20

22:50

28

Сәрсенбі

15-07-2015

4:05

6:05

13:40

18:55

21:19

22:49

29

Бейсенбі

16-07-2015

4:06

6:06

13:40

18:55

21:19

22:49

Сатуға болмайды, тегін таратылады

 

ЕСКЕРТУ: Биыл, яғни 2015 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн.

 

1. Шілденің 13-нен 14-не қараған түн Ләйләтул Қадр, яғни «Қадір түні».

2. Сәресін ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

3. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.

4. Тарауих намазы құптан намазының парызынан кейін оқылады, ал Үтір-уәжіп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.

5. Пітір-садақаны рамазан айының басынан айт намазына дейін беруге болады. Пітір садақа облыс бойынша 200 теңге.

6. 17 - шілде жұма күні Ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы Ақтауда 7:00-де оқылады.

7. Оразаға ниет: «Алла Тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім».

8. Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сен үшін ораза ұстадым. Саған иман келтірдім. Саған тәуекел еттім. Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»  

 

ҚҰРМЕТТІ МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАР! 

Алла Тағала бәріңізге мықты денсаулық, зор күш-қуат берсін, жасаған 

ғибадаттарыңызды қабыл етсін! 

ЕРЖАН қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

Бас мүфти

 

Ораза – ұлық ғибадат

 

Ораза кімге парыз?

1. Мұсылман адамға;

2. Балиғат жасына толған адамға;

3. Ақыл-есі сау адамға;

4. Дені сау адамға;

5. Сапарға шықпаған жанға. Жолаушыға ораза ұстау парыз емес. Ұстай алмаған күндерін кейін өтеуі тиіс. Бірақ шамам келеді деп ораза ұстаса болады. 

 

Ораза ұстай алмайтындар

1. Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандар ұстай алмаған әр күні үшін бір жарлыны тойдыруы тиіс. 

2. Хайыз (етеккір), нифас (босанған әйел) кезіндегі әйелдер ораза ұстай алмайды.

3. Емізулі және жүкті әйелдер денсаулығына және баласына зиян тиуі ықтимал болса, ораза ұстамайды. Кейінірек ұстай алмаған күндерінің қазасын өтейді.

 

Оразаны бұзатын жағдайлар 

1. Емделу мақсатында денеге бір нәрсе кірсе, жараға дәрі құйса, ораза бұзылады.

2. Қателесіп бір нәрсе ішіп-жеу, яғни дәрет алып жатқан кезде байқаусызда тамағына су кетіп қалса, оразасы бұзылады. 

3.Тістерінен шыққан қан түкірікпен бірдей болып тамақтан өтсе, ораза бұзылады.

4. Егер де ораза екенін ұмытып ішіп, жеп қойса, ораза бұзылмайды. Ондай жағдайда ішіп жеуін дереу тоқтатып, оразасын жалғастыру қажет. 

5. Аузы берік адам өз қалауымен ауыз толтырып құсса, ораза бұзылады.

6. Көзге сұйық дәрі тамызса, ораза бұзылмайды. Ал, мұрын мен құлаққа тамызылса бұзылады, қазасы өтеледі.

7.Укол салдыру мен дәрі ішу оразаны бұзады. 

8.Темекі шегу мен насыбай қолдану оразаны бұзады.

 

Оразаны бұзбайтын жағдайлар

1. Байқаусызда ұмытып ішіп-жеп қойса, есіне түсе сала тоқтатса, ораза бұзылмайды. 

2. Қан алдыру немесе сүлік салдыру оразаны бұзбайды.

3. Құлаққа су кірсе оразаны бұзбайды.

4. Көзге дәрі тамызу оразаны бұзбайды.

5. Мисуак қолдану оразаны бұзбайды. Тіс пастасымен тіз тазалау да оразаны бұзбайды. Бірақ паста ішке кетіп қалатын болса бұзады. 

6. Тіс жұлдыру оразаны бұзбайды. Ауыздағы қан мен дәріні жұтса бұзылады.

7. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. 

8. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, оразаға зиян бермейді. 

9. Түкірік, қақырық жұтса, ораза бұзылмайды. 

10. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары жұту оразаны бұзбайды. 

11. Еріксіз құсса, ораза бұзылмайды.

12. Салқындау үшін жуыну, ылғалды киім кию оразаны бұзбайды.

13. Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян бермейді. 

 

Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы

Ораза ұстауға шамасы келмейтін қариялар, туберкулез, қант диабеті, онкологиялық тектегі созылмалы ауруға шалдыққан жандар оразаның әрбір күні үшін бір кедейді таңертең және кешке тамақтандыруы тиіс. Немесе адам бір күнде екі мезгіл тамақтану үшін қанша теңге жұмсалса, сондай мөлшердегі ақшаны жағдай төмен жанға бере алады. 

Бұлай жасауға шамасы келмеген жандар Алладан кешірім тілейді. 

 

Ораза ұстаушыға рұқсат етілген амалдар

1. Ораза кезінде шомылуға болады, тек ауыз бен мұрынға су кіріп, тамаққа өтпеу керек.

2. Ораза кезінде шаш қидыруға болады.

3. Ораза кезінде тырнақ алуға, қырынуға болады.

4. Ораза кезінде түкірік жұтуға болады.

5. Ораза кезінде түнде ерлі-зайыптыларға төсек қатынасына рұқсат етіледі. 

6. Әтір себуге, миск қолдануға, гүл мен иіс су секілдіні иіскеуге болады.

 

Оразаның қазасын өтеу

Бір себептермен ораза ұстай алмаған жан кейінірек ұстай алмаған күндерінің қазасын өтеуі тиіс. Рамазан айынан кейін кез келген уақытта қаза оразасы өтеледі.

Оразының қазасын келесі Рамазанға дейін өтемеу күнә.

 

Ораза кезіндегі сауапты 

іс-әрекеттер

1.Сәреге тұрып, бір жұтым су болса да ішіп-жеу. 

2.Ауызды ақшам уақыты болысымен, намазыдың алдында ашу. Ауызды құрма немесе сумен ашу сүннет. 

3. Ауыз аштыру сауап іс. 

4.Таң намазы уақыты кірмей жүніптіктен (төсек қатынасынан кейін) тазаланып, шомылу.

6.Аузы берік адамның жақсы сөз айтуы, орынсыз іс-қимылдан алыс тұру сауап. 

 

Аузы берік кісіге мәкрүһ (күнә) болған іс-әрекеттер

1. Себепсіз бір нәрсенің дәмін тату немесе шайнау – мәкрүһ. 

2.Аузы берік кісіге сулы мисуакты қолдану – мәкрүһ.

3.Дәрет алған кезде ауызға су алып жұтқыншаққа дейін шайу және мұрынға суды қатты тартып қолдану мәкрүһ. 

4. Тәттісі кеткен, яғни шайланған сағыз шайнау - мәкрүһ.

5. Рамазан айында қатты ыстықта салқындау үшін ауыз бен мұрынды сулау және суық сумен жуыну – мәкрүһ.

 

Сұрағы болғандар Маңғыстау облыстық орталық мешітке хабарласуына болады: 31-44-51

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему