Биыл өңірде 69 жазғы лагерь ашылады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 03:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл өңірде 69 жазғы лагерь ашылады

25 Мая 2015 (11:42) | 2253 | Автор: Нурганым Имашева

Алдын ала мәлімет бойынша ағымдағы жылы жазғы кезеңде стационарлық лагерьлермен 10 мыңнан астам оқушы қамтылмақ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық тұтынушулар құқықтарын қорғау департаментінде ұйымдастырылған семинарда белгілі болды. Лагерь басшылары және облыстық, қалалық білім бөлімінің лагерь жұмысына жауапты мамандарына арналған аталмыш жиынға 39 тыңдаушы қатысты.

 

Облыстық білім, денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе отырып, балалардың жазғы сауықтыру науқанына дайындық мәселелерін талқылап, балалар арасында жұқпалы іш ауру инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды мектеп жасындағы балаларды сауықтыру ұйымдарының, мектеп жавнындағы лагерьлердің басшыларының, онда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің және жеке кәсіпкерлердің білімін жетілдіру, жұмысына бағыт-бағдар беруді мақсат тұтқан семинарға облыстық тұтынушулар құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен қатар қалалық тұтынушулар құқықтарын қорғау басқармасы да атсалысты.

 

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған келелі жиында Маңғыстау облыстық тұтынушулар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Марал Жұмабекқызы Қадыр жиылғандарға арналған сөзінде басқосудың мақсаты туралы айта келіп, биылғы науқандағы осы қызметке қатысы бар әрбір маманның, әрбір қызметкердің жеке жауапкершлігі мәселесіне тоқталды.

 

Жаз мезгілінде өңірде 69 балалар лагері ашылады.Соның 64-і мектеп жанынан болса, 5-і қала сыртындағы лагерь. Бұған 10 мыңнан астам оқушы тартылмақ. Сауықтыру орталықтарына 1 мен 10-шы сынып аралығында 98 пайыз оқушы қамтылмақ. Осы мақсатта облыстық бюждеттен 200 млн теңгеден астам қаржы қаралған. Бұл туралы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға арналған семинарда айтылды.

Лагерьлер жұмысына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауға басты назар аударған тұтынушулар құқықтарын қорғау департаментінің мамандары қадағалаудың қатаң болатынын ескертті.

 

Жауапты мамандардың айтуынша, «қазір барлық сауықтыру лагерьлерінде дайындық жұмыстары басталды. Санитарлық-техникалық жағдайларын жақсарту мақсатында ағымды жөндеу жұмыстары, жасыл желектерді отырғызу, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды ауыстыру сынды жұмыстары жүргізілуде. Қалалық, аудандық тұтынушулар құқықтарын қорғау басқармалары мамандарымен облыстағы жазғы сауықтыру мекемелерінің дайындығы зертханалық жолмен тексеріліп, балалар демалатын лагерьлер санитарлық талапқа сай келітірілген соң ашылады.

 

Барлық тәрбиешілер мен қызметкерлер медициналық тексеруден өтіп, оны растайтын құжаттарын жұмыс орындарында сақтауы тиіс, асхана қызметкерлері арасында жұқпалы аурулардың алдын алу боынша инструктаж өткізіліп, балалардың арасындағы жұмысқа дайындығы, білім деңгейлері тексерілетін болады».

 

Маңғыстау облыстық тұтынушулар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Марал Жұмабекқызы Қадыр:

 

-Эпидемиологиялық жағдайға әсер ететіні ол-тамақтың сапасы болып табылады. Тамақтың сапасына талап санитарлық қағидаттарға байланысты қойылады, оның қойылатын орны, дұрыс дайындалуы сол асханада жұмыс жасайтын адамдарға байланысты. Ең бірінші-тамақтың, алынатын өнімдердің сақталуы, дайындалу технологиясы және оны қолдану кезіндегі санитарлық талаптардың орындалысы,-деп мәлімдеді.

 

Облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Зейнеп Тастемірованың айтуынша: «Биылғы жылғы бір өзгешелік-мектеп жанындағы лагерьлердің санының азаюы. Оның себебі-Қарақия ауданынан ашылатын 8 мектеп жанындағы лагерьдің саны қысқартылып отыр. Сол ауданның әкімінің ұйғарымы бойынша, балаларды жергілікті жерде емес өзге өңірлерге жіберу арқылы демалту көзделуде.

 

Тек қана лагерьлер емес, сонымен қатар түрлі экскурсияларға, тарихи орындарға апару, тағы басқа сауықтыру бағытындағы жұмыс жоспарларымызды дайындап отырмыз. Спорттық лагерьлер, еңбек лагерьлерін ұйымдастыру қолға алынады.

 

Былтыр облыс бойынша 18 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылса, биыл олардың санын 30 мыңға жеткізу жоспары бар».

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему