Ақтау мен Клайпеда – бауырлас қалалар
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 08:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау мен Клайпеда – бауырлас қалалар

19 Мая 2015 (16:36) | 2199 | Автор: Мира Ботабекова

фото из открытых источников 

Ақтау қаласы мен Литваның батысында орналасқан портты қала Клайпеда арасында жаңа келісім жасалды. Бүгін Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин мен 19-мамыр күні Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Литва Республикасының Премьер-Министрі Альгирдас Буткевичюстің қатысуымен өткен келіссөздерден кейін екі мемлекет арасындағы бірқатар құжаттарға қол қою рәсімінде Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин мен Клайпеда қаласының мэрі Витаутас Грубляускас достық пен ынтымақтастық ниеті туралы Келісім жасау Хаттамасына қол қойды.

 

Қос елдің Үкімет басшылары Астанадағы кездесуде келіссөздер жүргізгеннен кейін үкімет аралық құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімді бекітті. ҚР Қаржы министрлігі мен ЛР ІІМ жанындағы қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі қызметі арасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (заңсыз жолмен табылған ақшаның ізін жасыруға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекеттер саласында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті мен Литваның Мемлекеттік азық-түлік және ветеринария қызметі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Клайпеда қаласы да Ақтау сияқты елдің батысында орналасқан ірі портты қала. Қос шаһар арасында достық пен ынтымақтастық ниеті туралы Келісім жасау Хаттамасының бекітілуі қалаларды өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға міндеттейді. Келісуші жақтар сауда, экономика, ғылым, мәдениет, экология және басқа да салалар бойынша қарым-қатынас орнату және оны дамыту үшін, сапар алмасуға мүмкіндік жасайды. Қос тарап өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында, Ақтау мен Клайпеда қалалары арасында достық пен ынтымақтастық туралы Келісім жасауға ықпал ететін болады. Бұл туралы Ақтау қаласының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Клайпедада қаласының халқы 203,9 мың адамды құрайды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему