Маңғыстаулық палуандар халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 16:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық палуандар халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

19 Мая 2015 (09:51) | 1690 | Автор: Нұрганым Имашева

Ақтау қаласында 14-16 мамыр аралығында дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнир өтті.

 

Байрақты бәсекеде маңғыстаулық палуандар сәтті ойын көрсетіп, 9 алтын, 6 күміс, 5 қоланы иеленіп, жарыстың жеңімпазы атанып, бірінші орынға көтерілді .

Ал, екінші орын Жамбыл облысының спортшыларына, үшінші орын Атырау облысының командасына бұйырды.

 

Жалпы, аталмыш дүбірлі додаға еліміздің Қызылорда, Тараз, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының және Түркия, Әзірбайжан мемлекеттерінің «мен мықты» деген палуандары қатысты.

 

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылып отырған бұл жарыс «Жастар» спорт кешенінде өтті. Байрақты бәсекеде 12 салмақ дәрежесінде 274 палуан күресті.

 

Жарыстың ашылуында сөз алған облыстың дзюдодан жасөспірімдер арасындағы аға бапкері Манарбек Бисекенов:

 

-Бұл турнир алғашында республикалық, халықаралық деңгейде Шетпеде өткізілді. Қолдау тапқаннан кейін турнирді соңғы екі жылда Ақтау қаласында ұйымдастыруды қолға алдық.

 

Өткен жылы біздің облыстың палуандары командалық есепте бірінші орынды иеленген болатын. Бұл жолы да жерлестеріміз намысты қолдан бермейді деп сенеміз. Облыс құрама командасының сапында күресіп жатқан палуандар Рамазан Мамаев, Сұңғат Жұбатқан, Руслан Мұсаев, Ақылбек Айжарықовтан үміт күтеміз,-деді.

 

Жарыстың алғашқы күнінен-ақ, жерлестеріміз командалық есепте бірінші орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, жарыстың екінші күні облыс қоржыны 4 алтын, 2 күміс және 3 қоламен толықты. Тарқатып айтар болсақ, Бағдат Ерғазы, Рамазан Мамаев, Ақылбек Айжарықов, Руслан Мұсаевтар жарыста қарсыластарына дес бермей, сәтті ойын көрсетіп, алтыннан алқа тақты.

 

«Мен 66 келі салмақта күрестім. Бұл жолғы жарыста да қарсыластарым осал болған жоқ. Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының мықты палуандарымен белдестім.

 

Басты мақсатым-жеңіс тұғырынан көрініп, жерлестеріме алтынды сыйлау болды. Сол үдеден шыға алдым деп те ойлаймын. Жалпы, өзімнің спортпен айналысып жүргеніме биыл-7 жыл болды, мені спортқа жетелеп әкелген тәтеме алғысымды айтқым келеді»,-дейді жарыс жеңімпазы Бағдат Ерғазы.

 

Аталмыш турнирге Әзірбайжан мемлекетінің палуандары үшінші жыл қатарынан қатысып отыр. Бұл жолы жарысқа 14 спортшы келіпті. Оларды бапкер Абузар Исмайылов дайындаған.

 

«Маған жарыстың ұйымдастырылу деңгейі қатты ұнады. Бұған дейін екі жыл қатарынан біздің спортшыларды өзге бапкерлер дайындап алып келген болатын. Биылғы палуандарды жарысқа дайындау бақыты маған бұйырды. Бір спортшымыз-екінші және біреуі-үшінші орынды иеленіп, үмітімізді ақтады»,-дейді әзірбайжандық бапкер Абузар Исмайылов.

Жарыстың үшінші күнінде маңғыстаулық палуандар командалық есепте 9 алтынмен бірінші орынды иеленіп, жарыстың жеңімпазы атанды.

 

Алтыннан алқа таққандардың арасында «Шоғы батыр» атындағы спорт мектебінің палуаны Айдана Сүлейменова да бар.

 

Спортпен айналысқанына небәрі 7 ай болған арудың бұл алғашқы жеңісі емес. Ол бұған дейін бірнеше облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атаныпты.

 

«Жарыста оралдық, шетпелік қарысластарым мықты болды. Десе де, ұстаздарымның үмітін ақтауым үшін барымды салып белдестім.

 

Ата-анамның тұңғыш перзентімін, бұл жеңісімді ата-анама және мені дайындаған бапкеріме арнаймын.

 

 Жарыс жеңімпазы атанып, алтынды иеленгеніме шексіз қуаныштымын. Бұл менің жеңіс жолындағы алғашқы баспалдақтарым деп есептеймін»,-дейді 48 келі салмақта белдескен палуан Айдана Сүлейменова.

 

Командалық есепте екінші орынды Жамбыл облысының палуандары иеленді. Ал, үшінші орыннан Атырау облысының спортшылары көрінді.

 

Халықаралық жарыста топ жарып, жеңімпаз атанғандарға «Спорт шеберіне үміткер» деген атақ пен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему