Ақтаулық автокөлік жүргізушілеріне ескерту
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 17:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық автокөлік жүргізушілеріне ескерту

13 Апреля 2015 (15:59) | 2061 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы өртке қарсы қызмет капитаны Құлманов Азамат Сақтағанұлының мәлімдеуінше: «Статистика цифрлары автокөліктегі тілсіз жаудың қалай болатынын айғақтайды: Ақтау қаласында бүгінгі таңға дейін 22 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Соның ішінде 9 өрт оқиғасы автокөліктерде орын алған. Көбінесе тілсіз жаудың шығуы автокөліктің электросымдарының шағылысуынан пайда болады. Әрбір 5-ші тілсіз жау көліктегі жанармай жүретін каналдарының тозығы жеткендігінен болады. Өзге санақ бойынша көлік ішінде шылым шегу соңғы орынды иеленбейді».

 

Бас маман А.Құлманов автокөлік жүргізушілеріне төмендегі ескертулерді үнемі жадында сақтауға кеңес береді.

Құрметті автокөлік иелері!

 

-Автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;

-Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электросымдарға баса назар аударыңыз;

-Өзіңізбен бірге арқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қол жетімді жерде ұстаңыз.;

-Өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмір қышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.

 

Көлігіңізден айрылғыңыз келмесе, келесіні есте тұтыңыз:

-Гаражда 20 литрден артық жанармай және 5 литр май, үй заттарын, жиһаз ұстауға болмайды;

-Көлігіңізде гаражда жанармай құюға сол сияқты электросварка, бояулық жұмыстарды детальдарды жанармаймен жууға болмайды. Ол өте қауіпті!

-Гаражда автокөлігіңізді тесік жанармай багымен ұмыт қалдыруга болмайды;

-Ашық оттық қолдануға және шылым шегуге болмайды;

-Мүмкіндігінше, өзіңіздің мулкіңізді қорғаңыз, өрт сөндіру жәшігін және құмды пайдаланыңыз;

 

Егер сіздің автокөлігіңіз жанып кетсе:

-Сол заматта көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып капотқа жақындатып шашыңыз;

-Практика жүзінде 90% «тілсіз жау» электро тізбектердің бұзылуынан болады. Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз. Жанып жатқан кезде, мүмкіндігінше, есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт қатты шарықтап кетуі мүмкін. (101 телефонына хабарласыңыз).

-Жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін оны сумен жуу керек немесе құм , топырақ, көбік сеуіп тастау керек;

-Егер көлігіңізден өрт шықса, аккумулятордың клемасын ажыратып тастаңыз;

-Өтіп жатқан жолаушыларды тоқтатып, өрт сөндіру күзетіне хабарлауын сұраңыз.

 

Отпен ойнауға жол бермеңіз!!!

Өрт шыққан жағдайда

101, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему