Ақтауда самбодан жастар арасында ҚР чемпионаты басталды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 19:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда самбодан жастар арасында ҚР чемпионаты басталды

10 Апреля 2015 (10:16) | 1844 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Маңғыстаулық спорт жанкүйерлері үшін ақжолтай жаңалықты жеткізуге асықпыз. Ақтауда 9-11 сәуір аралығында алғаш рет самбодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтетіні туралы бұдан бұрын да оқырмандарды хабардар еткен болатынбыз.

 

Байрақты бәсекенің басталар тұсында облыстық спорт басқармасы мен Маңғыстау облысының самбо федерациясы «Нұр Плаза» қонақ үйінде республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастырды.

 

Оған ҚР-ның самбодан бас бапкері Қайрат Шаққараев, самбодан Әлем және Азия чемпионы Берік Жетпісбаев, ҚР-ның самбодан төрешілер алқасының төрағасы, самбодан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Берік Жұмағалиев, ҚР спорт істері комитетінің өкілі Азамат Қилыбаев сынды Астанадан арнайы келген құрметті меймандар және облыстық спорт басқармасының басшысы С. Пахомов, Маңғыстау облысының самбо федерациясының Президенті Орақ Аяпов, вице-президенті Бейнеубек Әбілов, Нұрпейіс Сәрсенбай, облыстың самбодан бас жаттықтырушысы Манарбек Бисекенов қатысты.

 

Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген 1995-1996 жылы туылған 600-ге жуық жас спортшы қатысады деп күтілуде. Республикалық жарыста аймақ намысын 10 салмақ дәрежесінде 20 ұл мен 10 қыз қорғайтын болады.

 

Ел чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа таққан саңлақтарға «Спорт шебері» және күміс пен қола жүлде иегерлеріне «Спорт шеберіне үміткер» деген атақ беріледі. Сонымен қатар жеңімпаздар қазан айында Ригада өтетін Әлем Чемпионатына және мамыр айында Ашгабад қаласында болатын Азия біріншілігіне жолдама алады.

 

 

Облыстың самбодан бас жаттықтырушысы Манарбек Бисекенов: «Аймақтың самбо федерациясы құрылғаннан бергі 2 жыл ішінде самбо мен дзюдодан спортшыларды дайындайтын Ақтаудағы «Жастар» спорт мектебінде жаттығатын шәкірттері арасынан былтырғы жылы 6 Қазақстан чемпионы шықса, биылғы жылы 2 спортшы ҚР чемпионы атанды.

 

Сонымен қатар 2-Азия чемпионымыз бен Азия чемпионатының 2 жүлдегері бар. Бір Әлем Чемпионатының Кубогын жеңіп алған спортшымыз және Әлем Біріншілігінің екі жүлдегері бар.

 

Аталмыш спорт мектебінің шәкірттері Сұңғат Жұбатқан, Аманбек Құлқаев, Нұрболат Сенғалиұлы, Бауыржан Сағынғали, Ғайса Қалмұқанов, Ерлан Серіков сынды спортшылар Маңғыстау өңірінің абыройын асқақтатып, халықаралық жарыстарда үнемі топ жарып, жеңімпаз атанып жүр»,-деп атап өтті.

 

Спорттың осы түрінен маңғыстаулықтардың жоғарыда аталған жетістіктерге жетуі арқасында ҚР чемпионаты сынды ірі жарыстың Ақтауда ұйымдастырылуы мүмкін болып отыр. Бұл-біздің өлке үшін зор мақтаныш. Палуандарымыз бен олардың баспкерлерінің аянбай төкен терлерінің жемісі.

 

ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің өкілі Азамат Қилыбаев Маңғыстау облысының самбо Федерациясының Президенті Орақ Аяповқа, вице-президенті Бейнеубек Әбілов пен Нұрпейіс Сәрсенбайға, облыстық спорт басқармасының басшысы Сергей Пахомовқа министрлік пен ҚР самбо Федерациясының Алғыс хаттары мен арнайы куәлігін табыс етті.

 

Сонымен қатар өңірдің спорт саласындағы жетістіктерін бұқара халыққа паш етіп, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесі үшін облыстық «Маңғыстау» газеті мен республикалық «Айқын» газетінің жергілікті тілшісі Венера Мирлан да Министрлік пен Федерацияның «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Баспасөз мәжілісі барысында журналистер тарапынан аталмыш спорттың аймақта дамуы жолында жасалып жатқан игі істер, басталғалы жатқан республикалық ірі додаға, оның қатысушыларының салмақ дәрежесі мен санына қатысты бірнеше сауалдар қойылып, оларға мамандар тұщымды жауаптар берді.

 

Самбодан өтетін ҚР чемпионатында жарыстың алғашқы күнінде салмақ өлшеу, қатысушыларды тіркеу, орналастыру сияқты шаралар атқарылды. Енді байрақты бәсекенің ең алғашқы жарысы жұма күні-10 сәуірде сағат 10-00-де басталады, ал түстен кейін 15-00-де ел Чемпионатының салтанатты ашылуы болады.

 

Жарыс Ақтаудағы «Каспий» спорт кешенінде өтеді, кіру тегін. Жерлестерімізге жанкүйер болып, палуандарымызға қолдау көрсетіңіз, ардақты ағайын!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему