Ақтауда «Оралу» фильмінің көрсетілімі өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 10:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Оралу» фильмінің көрсетілімі өтті

10 Марта 2015 (09:30) | 3428 | Автор: Редакция

 

 

Облыс орталығындағы «Астана» сауда орталығында орналасқан кинозалында 9 наурызда «Қазақфильм» студиясының жаңа туындысы «Оралу» кинокартинасының көрсетілімі ұйымдастырылды. Жастардың отандық жаңа кино туындыны көруге жиналуын ұйымдастырған Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасы.

      Қазақстанға келген бас кейіпкер өзінің өмірге, айналадағы құбылыстарға деген көзқарасын түбегейлі өзгерткен түрлі оқиғалардың куәсі болады.

 

 Режиссер Рашид Сүлейменов түсірген бұл фильмде басты рольдерді жас та болса танымал болып үлгерген актерлер Санжар Мәдиев пен Аружан Жазылбековалар орындайды.

 

-Бұл фильм жастарға үлкен ой салады деген үміттеміз. «Оралу» фильмін көргеннен соң жастар ерекше әсер алады деп ойлаймыз. Картинаның премьерасы елде 19-наурызда болатынына қарамастан бізде ол бүгін көрсетіліп жатқанына өте қуаныштымыз.

Көрсетілімге жастар ұйымының, ҮЕҰ-дың және өзге ұйымдардың өкілдері қатысып отыр,-деді Маңғыстау облыстық жастар ресурсы орталығы директорының міндетін атқарушы Ерғали Әнес картинаның көрсетілімі алдында.

 

«Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі Оралбаев Мұқаштың пікірінше, «Оралу» деп аталатын қазақ тілінде түсірілген бесінші отандық фильм керемет кино, өте әсерлі, жастардың отансүйгіштік сезімін оятуға бағытталған картина.

 

Кино дегеніміз, жалпы идеологияның мықты құралы деуге болады. Облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен бүгінгі өткізіліп жатқан көрсетілімге біраз жастар ұйымдарының беленді мүшелері және қала тұрғындары жиналып отыр.

Жастар кинодан жақсы әсер алып, өте керемет көңіл-күйде тарқады».

Әзірбайжан ұлтының өкілі, облыстық жастар саясаты басқармасының қызметкері Абдуллаева Самира Сабирқызы:

 

-Мен осы фильмді түсірген, оның көрсетілімін ұйымдастырған адамдарға өзімнің зор алғысымды білдіргім келеді. Себебі бұл фильм жастарға өз Отанын, туған жерін қалай сүю керектігін үйретеді. Басқа елді құрметте, басқа елді сыйла, алайда өз еліңді ұмытпа, елің, Отаның-сенің туған анаң, себебі өз анаңды сен қалай өзге біреумен алмастырасың?

 

Егер өз анаңның бағасын білмесең, өз туған еліңнің бағасын білмесең, өзге елдің бағасын сен қайдан білерсің?

 

Әрине, байлық, барлық адамды қызықтырып, еліктіруі мүмкін. Алайда, күндердің бір күнінде саған өз елің: «Сен мені бұдан бұрын керек етпедің. Сонда сен қайда болдың? Енді неге маған қайтып келгенсің?-демесіне кім кепіл?

 

Сол үшін әркім өз Отанының, өз анасының, өз елінің бағасын білуі керек. Бұл фильм жас өрендерге өз туған елін сүйіп, қастерлеуді үйретеді деп ойлаймын»,-деген өз ойымен бөлісті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Айдай, 8 Апреля 2015 (10:05)
0 0
Осындай тәрбиелік мәні жоғары фильмдер қазақ қоғамына қазір өте қажет. Әсіресе, жас буын Бейбіт өмірдің оңай келмегенин білуі тиіс, Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсанында бұл фильм қоғамға деген жақсы сый деп білемін
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему