Ақтаулық он оқушы жеңімпаз атанды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 03:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық он оқушы жеңімпаз атанды

2 Марта 2015 (09:25) | 3097 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Алматы қаласы маңындағы «Маралсай» балаларға арналған демалыс орнында «Шексіз математика» ІV халықаралық қысқы турнирі өтті. Әлемнің жүздеген елінен отыз мыңдай бала қатысқан бұл білім додасына Ақтау қаласынан 97 оқушы қатысып, бақтарып сынап, 10 оқушы олжалы қайтты. Олардың арасында қаладағы №13 орта мектеп гимназиясының және №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің 2-8 сыныптарының жеткіншектері  бар.

 

Турнирдің нәтижесінде №13 орта мектеп гимназиясының 4 «а» сынып оқушысы Асан Таңсу екінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, 2 «в» сынып оқушысы Адилхан Бейбарыс, 3 «а» сынып балғындары Бектеміс Аружан мен Қуантқан Ахмет және 4 «в» сыныптың жеткіншектері Асқар Инабат үшінші орынды еншілеп, қола медальмен олжалы қайтты.

 

№13 орта мектеп гимназиясы директорының орынбасары Мадина Әбдиева:

 

-Байқауға біздің мектептен 2-6 сыныптарда оқитын 37 оқушысы қатысқан болатын. Олардың ішінде 5-уі жеңімпаз атанды. Балалар сайысқа қатысып қана қоймай, қысқы демалыстарын өте көңілді өткізді. Алатау бөктеріндегі тамаша демалыс орны «Маралсайда» шанамен, шаңғымен сырғанап, түрлі ойындар ойнап, талай көңілді де әсерлі кештердің куәсі болды. Алматы қаласының шетінде орналасқан «Апорт» кешеніне барып, «Гаваи» аквапаркінде нағыз жаздағыдай шомылып, әдемі жағажайды еске түсірді.

 

 

 

Ал, халықаралық сайыста облысымыздың маңдайалды мектептерінің бірі №13 орта мектеп гимназиясының абыройын асырып, ұстаздарының мерейін тасытқан шәкірттеріміздің алдағы уақытта да білім сайыстарында топ жаруларына тілектеспіз.

 

Бұл жетістіктердің барлығы да білім беру саласында еңбек етіп жүрген бойында сабыр мен төзім, ақыл-парасаты мол, өз істеріне адал берілген, жаңалыққа жаны құмар ұстаздардың өлшеусіз еңбектерінің нәтижесі деп білеміз».

 

Аталмыш білім байқауы елімізде 4 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жыл санап сайысқа қатысушылардың да қатары артуда. Негізінде «Шексіз математика» турнирі Болгария елінен бастау алған көрінеді.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему