Облыстық перзентхана мамандары оқытылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 19:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық перзентхана мамандары оқытылды

27 Февраля 2015 (11:15) | 3937 | Автор: Нұрганым Имашева

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, ана мен бала өмірін болдырмау мақсатында 25-26 ақпан күндері облыстық перинаталдық орталықтың мамандары үшін «Первичная реанимация новорожденного в родовом зале» тақырыбындағы үздіксіз оқу семинары ұйымдастырылды.

 

Екі күнге созылған тренингті Ресейдің Екатеринбург қаласынан келген «Мамандарды оқытудың және кеңес берудің Медициналық Ақпараттық Орталығы» (МедИКОС) халықаралық орталығының мамандары жүргізді.

 

Семинар-симулятивті тренинг барысында облыстық перзентхана қызметкерлері жаңа туылған сәбилердің күтімі, алғашқы медициналық көмек көрсетудің қыр-сыры туралы теориялық білімдерін пысықтап, тәжірибелік түрде өткізілген сабақтар аясында ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасты.

 

Ресей Федерациясында соңғы 3 жылда үздіксіз өткізіліп келе жатқан мұндай дәрістер Қазақстанда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ұйымдастырылған.

 

Ақтаулық дәрігерлер қауымын ресейлік педиатрия саласының тәжірибелі мамандары Дербенев Валерий Юрьевич пен Мирзоев Евгений Александрович оқытты.

 

Анестезиолог-реаниматолог дәрігер Дербенев Валерий Юрьевич:

-«Босану залындағы жаңа туылған нәрестелерге алғашқы реанимациялық көмек көрсетудің хаттамасы» бағытындағы бұл дәрістердің негізінде 2011 жылы даярланған Американдық педиатриялық Академияның оқыту бағдарламасы қамтылған.

 

Дәріс жүргізуші біз нұсқаушы болумен қатар тәжірибе жүзіндегі педиатрия саласының дәрігерлері болып табыламыз. Өзіміз оқытқан мамандармен байланыс орнатып, олардың қызметтерінің нәтижелері туралы үнемі біліп отырамыз.

 

 

Жалпы Ресейде, соның ішінде өзіміз еңбек ететін Екатеринбург қаласында және оқыту ұйымдастырылған Қазақстан қалаларындағы бұл бағыттағы жұмыстардың тиімді жүргізіліп, нәтижелері жақсы болғанын атап өту керек.

 

 

Бұл командалық жұмыс, әрбір маман өз орнында жұмысын тиімді атқарып, бірлесе әрекет еткенде ғана оның жақсы нәтижесін көруге болады. Екі күндік оқытумен неонатолог мамандар, акушер-гинекологтар және орта буын қызметкерлері-акушерлер қамтылуда.

 

Сіздің облыстық перинаталдық орталықтың босану залымен танысу мүмкіндігі туды. Онда реанимациялық күйдегі нәрестеге арналған 18 бокс палатасы барын, олардағы аппаратуралық паркті, нәрестелерді көрдік.

 

Ең бастысы, бұл бағытта ешкім де бір орында тұрып қалып жатқан жоқ, барлығы алға ұмтылып, заман талабына сай дамуға бет алуда,-деген пікірін білдірді.

Семинарға қатысқан облыстық перинаталдық орталықтың акушері Авезова Шолпан Жақсыбайқызы: «Екі күн бойына жаңа туылған нәрестелерге алғашқы көмек көрсетудің қыр-сырына үйреніп, білімімізге білім қосудамыз. Теориялық түрде де, практикалық бағытта да біраз мағұлмат алып, біліктілігімізді арттырдық.Мұндай оқытулардың бізге берері өте көп, сондықтан олардың жиі болып тұруын қалаймыз»,-деген ойымен бөлісті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему