Ақтауда жасөспірімдер арасында Ашихара-каратэден жарыс өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 13:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда жасөспірімдер арасында Ашихара-каратэден жарыс өтті

24 Февраля 2015 (09:43) | 5100 | Автор: Нұрганым Имашева

 

 

 Жексенбі күні облыс орталығында Ақтау және Жаңаөзен қалаларының Ашихара-каратэ және Киокушинкай каратэ командалары қатысқан Ақтау қаласының ашық Кубогы үшін жарыс ұйымдастырылды.

 

Спорттық додаға 6 және 17 жас аралығындағы 110 жасөспірім қатысты. Олардың арасында қалалық, облыстық, республикалық және Халықаралық додаларда жеңіске жеткен спортшылармен қатар спорттың бұл түрімен енді бастап шұғылданып жүрген балғындар да бар.

 

Жарысты «Маңғыстау облысының Ашихара-каратэ Федерациясы» (төрағасы-Игорь Отаров) ұйымдастырды, оны өткізуге Ақтау қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі (төрағасы Нұрлан Джалимов) қолдау көрсетті.

 

-Мұндай жарыстарды өткізудің  мақсаты-жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтарды болдырмау, жастарды спортқа баулып, денсаулықтарын шыңдап, мықты, шымыр боп өсуіне ықпал етіп, елін, жерін сүйетін ұландарды тәрбиелеу.

 

Бұл сайысқа қатысушылар арасында  Азия, ТМД деңгейіндегі жарыстардың жүлдегерлері, республикалық жарыстардың чемпиондары мен жеңімпаздары, Евразия Кубогының жүлдегерлері бар.

Осы спорт додасының өтуіне өзіндік үлес қосып, қолдау көрсеткен Ақтау қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің төрағасы Нұрлан Алдыбайұлы Джалимовқа, №10 орта мектептің директоры Испекеев Бекес Өмірханұлына айтар алғысымыз мол,

Нұрлан Алдыбайұлының тікелей қолдауының арқасында қалада жастар арасында спорттың осы және өзге де түрлеріне деген қызығушылық артып, Федерациялардың, Қоғамдық Бірлестіктердің өзара байланысы нығая түсті.-деді .жарыстың бас төрешісі «Маңғыстау облысының Ашихара-каратэ Федерациясы» Қоғамдық Бірлестігінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Ашихара-каратэ бойынша ресми өкілі Игорь Отаров.

 

Жарысқа қатысушылар салмақ категориясы бойынша мынадай түрге бөлінді:

6-7 жас -25,+25 кг,8-9 жас-30, -35, -40, +40 кг; 10-11 жас -35,-40,-45,-50,+50 кг; 12-13 жастағылар -40,-45,-55,+55 кг; 14-15жас -55,-63, -70,-77,+77 кг және 16-17 жастағылар- 60,-67, -74,+81 кг.

 

Бәсекеге «Маңғыстау облысының Ашихара-каратэ Федерациясы» Қоғамдық Бірлестігі төрешілік жасады. Оның құрамында болғандар:

1.Отаров Игорь Викторович- жарыстың бас төрешісі   

2. Галлиулин Юрий Рустамович – татамидегі бас  рефери (Ашихара-каратэ бойынша Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері);

 

3.Тажрибаева Марияш Назарбаевна- жарыстың бас хатшысы және бұдан өзгн төрт -  рефери, хаттамадағы және секундомердегі төрешілер мен техникалық қызметкер және судья, сонымен қатар дәрігер. 

 

Киокушинкай каратэден Маңғыстау облыстық Федерациясының өкілі Құлтасов Ынтымақ Кенжебекұлы: «Балалардың көшеде босқа сенделіп жүргенше, осындай спортпен айналысқаны дұрыс.

 

Бұл жарысқа Жаңаөзен қаласынан Киокушинкай каратэден 25 бала келді. Оларды Федерация директоры мен 3 жатттықтырушылары бастап келді, ал Ақтаудан біз 30-дан астам баланы қосып отырмыз осы додаға, сонда барлығы 55 шақты спортшы Киокушинкай каратэден қатысып отыр. Біз осылай жарысымызға бір-бірімізді шақырып, қатыстырып тұрамыз.

 

Ашихара-каратэден жарысқа қатысып отырған 40 шақты бала бар, сосын Гудзеру каратэден 10 шақты бала бар. Сөйтіп 4 түрлі каратэмен айналысатын спортшылар келіп отыр мұнда.

Жалпы балалардың спортқа дегн ынтасы өте жақсы, осындай жарыстың өтіп жатқанына қуаныштымыз»,-деген пікірімен бөлісті.

 

Жарыс төрешілері мен қатысушыларының пікірінше, күрестің ең үздік техникасын Ашихара-каратэден Евразия Кубогының күміс жүлдегері Руденко Никита көрсетті. Жас спортшы Ашихара-каратэмен «Оқушы» орталығына (директоры Озғанбаева Ақмарал Жалғаскалиқызы) қарасты 11 шағынаудандағы №10 орта мектеп жанынан жұмыс жасайтын «Тұлпар» аула клубында шұғылданады.

 

№10 орта мектеп директоры Испекеев Бекес Өмірханұлы салауатты өмір салтын қалыптастыру ісінің белсенді жаршысы, әркез жас жеткіншектердің спортпен шұғылданып, бос уақыттарын пайдалы өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстанып, белсенді болуына көп көңіл бөліп, Ашихара-каратэ сынды спорт түрінен осындай жарыстардың өткізілуіне қолдау көрсетіп жүретіні спорт жанашырлары мен жаттықтырушыларын қуантады.

 

 

Осындай қолдау, көмектің нәтижесінде жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтары жыл санап өсе түсуде.

 

Жаңаөзен қаласынан келген  Ашихара-каратэ жаттықтырушысы  Тағаев Бақытжан Дүйсембайұлы: «Спорттың осы түріне деген балалардың ынтасы өте жоғары. Енді жақында Жаңаөзенде Ашихара-каратэ Федерациясын ашуды көздеудемін.

Ең басты мақсатым-Қазақстанның атағын әлемге әйгі ететін чемпиондарды дайындау. Өзім осы спорт түрінен балаларды жаттықтырып жүргеніме 2 жылдың көлемі болды. Қаланың спорт комитетінің қолдауын сезініп отырамыз.

Облыс орталығындағы тренерлер, әсіресе Игорь Викторұлының көмегі де бар, білгенін айтып, көмегін аямайды. Болашақта елдің даңқын асырар мықты спортшыларды шығаруға ұмтыламыз»,-дейді.

           

Ашихара-каратэмен енді бастап шұғылданып жүрген 7 жасар Ұлан есімді балғын:

-Каратэмен айналысқан маған өте ұнайды. Мені мұнда папам алып келді. Мықты спортшы болып, бәрін жеңгім келеді,-деген арманымен бөліссе, жанында тұрған 9 жасар Зейнұр: «Мен 2 жылдан бері каратэмен айналысып жүрмін. Өскенде мықты болып, ешкімнен қорықпайтын  болғым келеді  Чемпион болуға тырысамын»-деді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Зейнур молодец мой ученик братишка, 27 Февраля 2015 (01:29)
4 0
ЕНДИ ОЧЕРЕДЬ В ВЕНГРИИ
Тажбенов Нуртас, 25 Февраля 2015 (12:27)
7 0
Базар жок Баха іске сат, Жанаозеннен Ашихара-каратэ ашылуына куаныштымыз....
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему