Жылда ақпан айының соңғы аптасында православ дініндегі ұлт өкілдері қытымыр қысты шығарып салып, жылылық лебі сезіле бастаған көктемнің келуін қарсы алуға бағытталған, Ұлы пост аталатын Пасха алдындағы дәстүрлі рәсімдердің басталуына жол ашатын Масленица
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Масленица мейрамын тойлады

24 Февраля 2015 (09:34) | 2424 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Жылда ақпан айының соңғы аптасында православ дініндегі ұлт өкілдері қытымыр қысты шығарып салып, жылылық лебі сезіле бастаған көктемнің келуін қарсы алуға бағытталған, Ұлы пост аталатын Пасха алдындағы дәстүрлі рәсімдердің басталуына жол ашатын Масленица мейрамын кеңінен атап өтеді.

 

      Биылғы жылғы аталмыш мерекені тойлау мақсатымен православ шіркеуіне келушілер Ақтаудағы шіркеу ауласына жиналды.

 

      Мерекелік шаралар қатарында балалар мен ересектер бірдей қатыса алатын көңілді ойындар, топтық жарыстар, ептілік пен күштілік, мергендік, шапшаңдық сияқты қасиеттерді танытуға арналған алуан түрлі ұлттық сипаттағы қызықты сайыстар ұйымдастырылды.

 

      Көңілді әуенмен би ырғағында шалқыған мерекеге қатысушылар дөңгеленіп би билеп, бір-бірін мейраммен құттықтап, ізгі тілектер айтысып, жақсылықтар тіледі.

 

      Солардың кейбірін сөзге тарттық. Ақтау қаласының тұрғыны Голубова Валерия:

      -Масленица-ежелден тойланып келе жатқан славян халықтарының үлкен мейрамы. Халық салтымен оны ең алдымен аязды қысты шығарып сап, көгілдір көктемді қарсы алу деуге болады. Ол ең алдымен Ұлы пост басталардан бұрын Масленица аптасы ретінде аталып өтеді. Аптаның әр күнінің өз атауы бар: дүйсенбі-ВСТРЕЧА (Кездесу) деп аталады, оның мағынасы бұл күнде халық көтеріңкі көңіл күймен бір-бірімен кездесіп, қонаққа барып, меймандарға арналып тәтті құймақтар, бәліштер, тоқаштар және т.б. тәттілер пісіріліп, жастар қамыстан жасалған Масленица бейнесіндегі қуыршақты шанаға сап, биік төбеге шығарған, оны айналып ән салып, би билеп, қызықты жарыстар ұйымдастырған.

 

      Ал сейсенбі-ЗАИГРЫШ (Ойын-Сауық күні) аталған. Бұл күні жастар бір-біріне қонаққа барып, меймандарын тәтті құймаққа тойғызып, көңілді ойын-сауықтар ұйымдастырып, қалыңдықтар жас жігіттерді таңдаса, болашақ жарын іздеген бозбалалар қалыңдықтарды таңдаған.

 

Сәрсенбі күні-ЛАКОМКА (ененің тәтті құймағын жеу). Бұл күні енелер үйіне қонақтар шақырып, оларды тәтті құймақтарымен тойғызған, әсіресе енелер ол күні күйеу балаларын ерекше құрметке бөлейтін болған.

 

Бейсенбі күні-РАЗГУЛ (кең түрде тойланатын бейсенбі күн) аталса, оны халық мейлінше көшеге шығып, кең көлемде ұйымдастырылған мерекелік шаралармен: жәрмеңкелер, көңілді жарыстар, қоңырауы сыңғырлаған ат-шаналармен қыдыру, мұзы жалтыраған биік төбешіктерден сырғанаған жастар өзара дидарласып, ән салып, би билеп, көңілді атап өткен.

 

Ал жұма күнгі мереке-ТЕЩИНЫ ВЕЧОРКИ (Енеге арналған кеш) аталған. Бұл кеште күйеу балалар-енелерін үйіне қонаққа шақырған. Сондағы дастарқанға қойылатын тәтті құймақтан жанұяның өзге мүшелері де ауыз тиіп, мәз-мәйрам болысқан.

 

Сенбі күнді-ЗОЛОВКИНЫ ПОСИДЕЛКИ-(Қайынсіңлінің отырысы) деп атайды. Бұл күні жас келін өзінің қонақ күтудегі өнерін паш етіп, туған-туыстарына өз қолынан дәм татырған.

 

Жексенбі күнгі Масленица-ПРОВОДЫ-(Қоштасу) деп аталады. Бұл күні Қыс бейнесіндегі, суықты, маусымдық қиындықты бейнелейтін Масленица аталатын қамыстан жасалған қуыршақты өртеу, яғни қытымыр қысты шығарып сап, жайдары көктемді қарсы алу деген мағынаны білдіреді. Сол күні жастар, балалар қарлы төбелерден сырғанап, көңіл көтерсе, Масленицаны жаққан от жалыны әр деревнядан алаулап, алыстан көрінеді екен.

 

Соныменқатар, бұлкүніадамдарбір-біріненренжіткенкездеріүшінкешірімсұрап, бір-бірінежақсылық, денсаулық, мейірімменізгіліктілеген.

 

Облысжәнеқалатұрғындарынправославшіркеуінекелушілержәнеправославдініндегі «Истина» жастарұйымыатынаносыМасленицамейрамыменшынжүректенқұттықтаймын. Биылғы жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құтты болсын! Ортақ шаңырағымызда бейбіт өмір, тыныштық, жақсылықтар мол болсын! Достығымыз жарасқан, тату біртұтас халық болып, еліміз көркейе берсін!-деген тілегін арнады.

 

АқтауқаласыныңтұрғындарыУльянаСухоруковаменОксанаМальченко: «Бұлмейрам-халықтықмереке. Ол табиғаттың және адам жанының жаңаруын білдіреді. Ұлы пост алдында адамдардың рухани тазаруына бағытталған мереке десе болады. Бір апта бойы Масленица тойын тойлаған халық алдағы күндерге үмітпен қарайды.

 

Ертеде Ресейде бұл кездері жастарды бір-бірімен таныстырып, табыстырып, жаңа жанұялардың құрылуына, сөйтіп халықтың өсіп-өнуіне ықпал еткен.

 

Қазақстан атты еліміздің әлемдегі беделі артып, береке-бірлігіміз күшейіп, елде тыныштық болсын деп тілейміз»,-десе, Анастасия Столярова есімді Ақтау тұрғыны:

-Бүгінгі мейрам құтты болсын баршасына! Бұл мереке де Наурызға ұқсайды, тіршіліктің жаңаруына арналады. Пасхаға дейін 1 ай жарым бойына православ дінінің өкілдері Пасха алдында пост рәсімін жасап, ет, балық, сүт тағамдарынан бас тартып, өсімдік тектес өнімдер мен нан, дақылдарды азық етеді. Мұны рухани тазарудың бір белгісі десе де болғандай.

 

Мерекеде құймақтың пісірілуі-бұл күн символын білдіреді, яғни жылылыққа, ізгілікке деген ұмтылыс,-деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему