«Ақтау» ойын-сауық сауда кешеніндегі «оқыс оқиға»
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ақтау» ойын-сауық сауда кешеніндегі «оқыс оқиға»

21 Февраля 2015 (16:49) | 2604 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Кешкі сағат 22-00-ге таман облыс орталығындағы ірі сауда орталығының бірі 16 шағынаудандағы «Ақтауда» кенеттен «өрт оқиғасы» орын алып, үлкен орталықтағы дүкендердің сатушылары мен жұмыстан кейін дүкен аралап немесе демалып жайбырақат жүрген халық абыр-сабыр күй кешті.

 

Бірінші қабатта орналасқан «Сулпак» дүкенінің қоймасынан шыққан «шартты өрт» лезде айналаны қою түтінге орады. Сауда орталығының күзет қызметкерлері өрт сөндіру қызметіне дереу хабар берісімен, өртсөндірушілер тез келіп жетті.

 

Сауда орталығындағы халық тез арада тысқа шығарылып, «өртті» сөндіру басталды. «Өрт шыққан» аумақта қою түтін таралып, уытты газдың иісі сезіле бастады.

 

Орталық алаңына бірнеше өрт сөндіру техникасы келді. Құтқарушылар дүкен ішінде қалған 3 адамды тысқа шығарды. Олар апаттан құтқару медицинасы мамандарына тапсырылды. Далаға шығарылған халық суықта тоңып тұрмас үшін «Вахтовка» деп аталатын құтқарылған адамдардың жылынып отыруына арналған арнайы көлік ішіне жайғастырылды.

 

Сауда орталығының шатырында қалған 9 адамды арнайы автосатының көмегімен құтқарушылар жерге түсірді.

 

 «Сулпактағы» шартты «өрт» 64 шаршы метр аумақты қамтыды. Оқыс оқиға өртсөндірушілердің шұғыл қимылдауы арқасында тез еңсеріліп, «тілсіз жау» ауыздықталды, адам шығынына жол берілмеді.

 

Адамдар көп шоғырланатын орында төтенше жағдайға дайын болу, өртсөндіру қызметінің жеке құрамдарының, автотехниканың дайындығын тағы бір пысықтауға арналған бұл өрт-тактикалық жаттығуы сәтті аяқталды.

 

 

 «ӨСжАҚЖ» ММ-нің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет капитаны Селимов Назарали Гаджимагомедұлы:

 

-«Ақтау» ойын-сауық сауда кешеніндегі өрт-тактикалық жаттығуларына жеке құрамнан 50 адам, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Сауда орталығынан 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

 

Осындай оқу-жаттығуларды адамдар көп шоғырланатын орындарда жылда өткіземіз. Олардың мақсаты-осындай нысандардағы өртте қиындықтар туындағанда жеке құрамның әрекеттерін, дайындығын тағы бір рет пысықтап, жаттықтыру,-деп мәлімдеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему