Жаңаөзенде қызылшаға қарсы екпе уақытша тоқтатылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзенде қызылшаға қарсы екпе уақытша тоқтатылды

20 Февраля 2015 (10:25) | 4855 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Облыс аумағында 16-28 ақпан аралығында 15-19 жастағы жасөспірімдерге қызылшаға қарсы екпе жасау жүргізіліп жатқаны жайлы хабарланған болатын.

     Аталған күннен басталған екпенің нәтижесінде Жаңаөзен қаласында 34 жасөспірімде реакция байқалып, олар шұғыл түрде Жаңаөзен қалалық ауруханасына жатқызылғаны, 2-жасөспірімнің облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне түскені белгілі болды.

 

     Бұдан бұрын БАҚ беттерінен Теміртау қаласында осындай жағдай орын алғаны жайлы көпшілік хабардар.

 

     Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайға байланысты жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

 

     Жиында сөз алған Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмабек Қонарбайұлы Бейсен: «Қызылшаға қарсы жоспардан тыс екпемен облыста 34 907 жасөспірім қамтылуы тиіс болса, бүгінгі күнге дейін 12 727 бала егілді, яғни 36%-ы қамтылды.

 

Жаңаөзенде 6649 жасөспірім егілуі тиіс болса, бүгінгі күні 2333 адамға , яғни 35% екпе жасалған. Ол жердегі жағдайға байланысты қазір, орын алған оқиғаның себептері анықталғанша Жаңаөзенде уақытша екпе жасау тоқтатылған.

 

Түске дейінгі жағдай бойынша ондағы қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде 5 бала қалып отыр, 23-і жалпы терапия бөлімінде бақылауда.

 

Маңғыстау облыстық ауруханасының жан сақтау бөлімінде 2 бала жатыр. Олардың барлығының да жай-күйі бірқалыпты. Дәрігерлер оларға көмек көрсетіп, тексеру жасауда.

Балаларда жалпы әлсіреу, басы айналуы байқалған, кейбірін біз құрысу бола қалса, тез арада көмек көрсетілуі үшін жан сақтау бөліміне орналастырдық.

 

Мұндай реакцияның болуы-қалыпты жағдай. Ол ағзаның өзге нәрсеге «жауап беруі» болып табылады. Сондықтан балалардың өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ»,-деді.

 

Вакцинаның сапасы туралы қойылған сауалдарға жауап берген облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Марал Қадыр: «Үнді елінен 1 млн доза түрінде еліміз үшін сатып алынған бұл вакцина әлем елдерінде 1 жыл ішінде 200 млн.-ға жуық адамға салынған.

 

Қазақстанға келгенде ол ДДҰ-ның бақылауынан өткен. Бұған дейін вакцинаның үлкен көлемдегі мұндай рекциясы байқалмаған. Екпе жасаудың техникасы немесе сапасы бұзылған деген жағдай анықталған жоқ. Сондықтан бүгінде екпе жасау облысымызда Жаңаөзен қаласынан өзге елді мекендердің барлығында да жалғасуда»,-деп мәлімдеді.

 

Алмабек Қонарбайұлының айтуынша, «Кешеден бері Жаңаөзенде Алматыдан келген 2 маман балаларды тексеріп, вакцинаның сапасын зерттеуде. Сарапшылар жергілікті эпидемиологтармен бірлесіп жұмыс істеуде. Олардың тексеру қорытындылары дайын болғанда ол жария етілетін болады».

 

Екпеден реакция болуы Ақтауда-1 балада, Бейнеуде-1 балада байқалған. Олардың барлығына да дәрігерлер тарапынан көмек көрсетілуде.

-Мұндай вакцина Үнді елінен өзге АҚШ пен Ресейде өндіріледі. Ресейде вакцина тек өзіне ғана жететін болғандықтан, біз өзімізге жақындау орналасқан Индиядан аламыз.

 

Қызылша сияқты жұқпалы аурудан тек осындай екпе арқылы сақтана аламыз. Көршілес Қырғызстан елінде күніне 2 мың адам осы сырқатқа шалдығатыны белгілі болып отыр. Біздің елімізге бұл ауруды әртүрлі елдерден келгендер алып келуде.

 

15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер осы ауруды жұқтыруға бейім болып келетіндіктен, біз балаларды сақтандыру мақсатында екпені жасаудамыз. Бұл еріккеннен жасалып жатқан шара емес және болған жайды ушықтырып, елді, халықты дүрліктіру деген дұрыс емес. Бар жағдай бақылауда,-деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Маржан, 28 Февраля 2015 (15:31)
1 0
Ериккеннин ермеги болмаса да оз бизнестеринди дамыту максатында жасалып жаткан нарсе екени айдан анык.билетиндериниз оз калталарыныздын калындаганы.елдин денсаулыгын ойлап жаткан ешким жок.кызылша дегенди типти ауруга жаткыза алмаймын..мен де кызылша болдым.уакытша нарсе.тез кететин.сиздердин жасап жаткандарыныз халыкты құрту. Кызылша болган адамдодар дәл осылай қиналып ,аурухана маңын жағалап журмиди.одан олген адам кормеп едим.
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему