Ақтаулық «төтеншеліктер» қала базарлары және сауда нүктелерінің басшыларымен кездесті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық «төтеншеліктер» қала базарлары және сауда нүктелерінің басшыларымен кездесті

20 Февраля 2015 (10:17) | 2293 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Соңғы уақытта қалада үлкен өрттердің шығуы жиілеп кеткені белгілі. Осыған орай  қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Сақтықты ұмытпаған жағдайда ғана төтенше оқиғаны болдырмау мүмкіндігі сақталады.

 

      Осы сынды қауіпіздікті пысықтауға арналған шара Ақтау қалалық төтенше жағдайлар Басқармасында ұйымдастырылды. Халық көп шоғырланатын орындарда өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысына «төтеншеліктер» Ақтаудағы қала базарлары мен сауда нүктелерінің басшыларын шақырыпты.

 

      Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ақтау қалалық ТЖ Басқармасы бастығының м.а. өртке қарсы қызмет майоры Бейсембаев ҚайратУбайдуллаұлы: «Сауда орнына тексеру жүргізуге келген тұлға тексеру актін, өзінің қызметтік куәлігін көрсетуі тиіс. Бұл жерде кәсіпкер 5 тармақ бойынша әрекет ете алады.

 

 

Сіздерге тексеру жөнінен  қазір біршама жеңілдіктер бар екенін білесіз. Адам көп шоғырланатын нысандарда өрт қауіпсіздігінің сақталуына жауапты тұлға өзінің жауапкершілігін жоғары түсінуі  қажает.

 

 

Нысан маңындағы өрт гидранттары, өрт крандарының жұмысқа жарамдылығы үнемі уақытылы тексеріліп отыруы тиіс.

 

 

Ақтау қаласында 2014 жылы 86 өрт оқиғасы тіркелген, олардың 23-і шаруашылық нысандарында болған өрттер, қоғамдық қтамақтандыру орындарында өрттер көбірек болғаны анықталған. Өрттерден келген шығын 34 млн. 650 мың теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда өрт саны 6 оқиғаға көбейгені байқалады. 

 

 

Орын алған оқиғаларда байқалғаны-сауда орындарының қызметкерлерінің өртсөндірушілермен өз әрекеттерін байланыстыра қимылдауының төмендігі. Барлық сауда нүктелері автоматтандырылған өрт дабылына қосулы болуы тиіс»,-деп мәдімдеді.

 

Кәсіпкерлер өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелері жөніндегі өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға мамандардан тұшымды жауап алды.

 

Осыдан соң сөз кезегі ұсынылған Маңғыстау облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімшесінің бастығы өртке қарсы қызмет капитаны Алексеев Александр Генадьевич жиналғандарды өрт қауіпсіздігіне қатысты заңнамалардағы жаңа өзгерістер және толықтырулармен таныстырды.

 

Бөлімше бастығы қалалық ТЖ Басқармасы 2014 жылы өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс саласында тексерулер жүргізгені жайлы айта келіп, бүгінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамалардағы өзгерістерге сай, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы өзге ведомствоға жүктелгені, ал өздері қазір тек өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс саласында әрекет ететіні туралы айтты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему