Ұландықтар мемлекет басшысының жолдауын қолдады
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 22:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұландықтар мемлекет басшысының жолдауын қолдады

1 Сентября 2023 (17:19) | 3278 | Автор: Редакция

        Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын қолдады.

       

Мемлекет басшысының Жолдауында, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуші Қарулы күштерді жаңа бронды техникалармен қамтамасыз етуді сонымен қатар көптеген маңызды бастамалар мен басым бағыттар айтылды.

          Бүгін Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Жолдауда айтылған міндеттердің нақты мерзімдерін белгіледі.

        – Біз, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өз кезегімізде өз Отанымызға адал қызмет етіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының талаптарын мүлтіксіз орындап, еліміздің дамуына өзіміздің үлесімізді қосуға әркез дайынбыз. Осы Жолдаудың барлық талаптары мемлекетіміздің алға қарай дамуына өз ықпалын береріне сенімдімін, – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасының офицері майор Артур Ажикенов.

           Алдағы уақытта өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің барлық жеке құрамына Президент Жолдауы ақпараттандыру сағаты кезінде, мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында арнайы оқытылып насихатталатын болады.

 

Капитан

Әубакир Ертуған

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему