Ақтауда тұңғыш рет ″Tae Kwon Do - GTF″ тұжырымы бойынша ″Caspian Cup - 2023″ республикалық турнирі өтті
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 21:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда тұңғыш рет ″Tae Kwon Do - GTF″ тұжырымы бойынша ″Caspian Cup - 2023″ республикалық турнирі өтті

30 Июня 2023 (18:30) | 3143 | Автор: Редакция

Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Павлодар облыстары және Астана мен Шымкент қаласынан келген спортшылар саны 200-ден асып жығылды. Турнирге қтысушылар екі бағдарлама бойынша сайысқа түсті. Атап айтқанда хёнг - формальды кешендер және массоги - спаррингтік жекпе-жек.

Бүркіт Исакұлы баптаған балғын таэквондошылар 20 алтын, 10 күміс, 21 қола медальмен командалық есепте бірінші орынға шықты. Павлодар облысының намысын қорғаған спортшылар 8 алтын, 9 күміс, 7 қоламен екінші орынды жеңіп алды. Шымкент қаласы 8 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді қанағат тұтып, үшінші орынға тұрақтады.

"Осы турнирді Маңғыстау жерінде өткізуге атсалысқан барша спорт жанашырларына алғысымыз шексіз. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Барлығының дайындықтары керемет. Болашағынан зор үміт күттіретін жалынды жастардың өсіп келе жатқандығы қуантады. Болашақта ірі халықаралық жарыстар Маңғыстау жерінде өтетіне сенім мол", - деді өз сөзінде Қален Сұлтанғазин, "Taekwondo - GTF" қазақстан ұлттық федерациясының президенті, қара белбеу 5-ші дан иегері.

Жаз мезгіліне қарамастан таэквондошылар демалысты спорт залдарында өткізбек. Жуырда оқу-жаттығу жиыны басталады.
Алда Солтүстік Кипрдег Еуропа чемпионаты өтеді. Қазан айында АҚШ астанасы Нью-Йорк қаласында Әлем чемпионатының жалауы желбіремек. Еліміздің ұлттық құрама командасы сапында маңғыстаулық балғын таэквондошылар өнер көрсетпек.

"Бұл турнирді өткізу біз үшін үлкен сынақ болды және бұл сынақтан біздер сүрінбей өттік деп айта аламын. Ұл-қыздарымыз үлкен тәжірибе жинады. Бізге сенім артып спорттық жарысты күнтізбелік жоспарға енгізгені үшін республикалық федерацияға алғыс айтамын. Сондай-ақ, осы жарыстың өтуіне атсалысқан ата-аналар комитеті, достарым, демеушілерге рахмет. Алда жоспар көп, әрдайым жеңісті күндерде жолыққанша", - деді Маңғыстау облыстық "Taekwondo - GTF" ұлттық федерациясының президенті, қара белбеу ІІІ дан иегері Бүркіт Исакұлы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему