Жекпе-жек ұрыстың хас шебері Мансур Минбулатов
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 21:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жекпе-жек ұрыстың хас шебері Мансур Минбулатов

29 Июня 2023 (12:57) | 1736 | Автор: Редакция

Бүгін біз жекпе-жек ұрыстың хас шебері Мансур Мимбулатовпен жасаған сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз. Қазіргі сәтте ол Ақтау қаласындағы 3502 әскери бөлімінде сарбаз-атқыш болып жұмыс істейді.

– Жекпе-жек ұрыстан бес мәрте Ұлтық ұланның чемпионын салалық басылым бетінде таныстырып жатудың өзі артық. Десе де өзіңізді қалай таныстырар едіңіз?

– Мен 1992 жылы 17 қарашада Ақтау қаласында өмірге келдім. 2016 жылдан бері әскери қызметтемін. Жекпе-жек ұрыспен 15 жылдан бері айналысып жүрмін. Қысқа-нұсқа өзім жайлы ақпарат осындай.

– Әскери қызметке қалай келдіңіз?

– Жақындарымның арасында әскери қызмет атқарғандары жоқ. Бұл салаға өзімнің саналы таңдауыммен келдім. Қызметіме мінезім үйлеседі. Өзіме ұнайды. Бұдан артық не керек? Сондықтан өз шешіміме өкінбеймін. Әрі-беріден соң ел игілігі жолында еңбек етіп жатырмыз деп санаймын.

– Әскери қызмет пен спортты қалай ұштастырасыз?

– Әскери салада жұмыс істейтін азаматтар үшін спортпен шұғылдану аса маңызды. Әскери тұлға – дене бітімі келіскен, шымыр, батыл да батыр адам. Ал мұндай жан спорттан қалайша алыс болады? Жалпы кез келген азамат әйтеуір бір спорт түріне бейім болады ғой деп ойлаймын. Тым болмағанда салауатты өмір салтын ұстануға тырысады. Мұның өзі  - жетістік. Меніңше, екеуі бір-біріне кедергі келтірмейді.  Сондықтан әр «ұландық» спорпен шұғылдана білгені жөн. Бұл біздің әскеріміздің сапасын арттырады деп ойлаймын. 

– Бізге сіздің спорттағы алғашқы қадамыңыз қай кезде басталғаны қызық.

– Спортқа 10 жаста келдім. Жастайымнан шаруаға ыңғайлы, спортқа әуес бала болып өстік десем болады. Шәкірт ретінде ең алғаш рет Алексей Мещеряковтан тәлім алдым. Кейін Ұлттық ұланның спорт командасын даярлау орталығының бастығы, полковник Сәтжан Әбішевтің қол астында жаттыға бастадық. Сол кісілер бізді әркез жігерлендіріп, барынша қолдап отырды.  Сол үшін де оларға айтар алғысым зор.

– Ұлттық ұланда спортты өмірлік серік еткен талай азамат әскеріміздің мақтанышы. Тіпті олардың арасында еліміздің мерейін асырып жүргендер де көп. Солардың бірі – өзіңіз.

– Асыра мақтап жіберген сияқтысыз (күліп). Шүкір, ұзақ жаттығудың арқасында біршама жетістіктерім бары рас...

– Атап өтсеңіз, артық болмас еді.

– Әлем чемпионатында әмбебап жекпе-жектен бірінші орын, Жекпе-жек ұрыстан Әлем кубогының күміс жүлдесін, дәл осы спорт түрінен Қазақстан Республикасының екі мәрте, Ұлттық ұланның 5 дүркін чемпионы болдым. Бұдан бөлек 2 рет Қазақстан Республикасы Кубогының иегері атандым.

– Тамаша! Алда қандай жарыстар күтіп тұр?

– Қазіргі сәтте Ұлттық ұландағы жекпе-жек ұрыстың шеберлерінің қатысуымен өтетін жиынға дайындалып жатырмыз. Әлем чемпионатының алдындағы дәстүрлі жиынға қатысамыз. Сол жерде өзіміздің кәібилігімізді, күшімізді көрсете алсақ әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік аламыз. Биылғы чемпионат еліміздің астанасында болады. Өз елімізде өнер көрсетіп, көк туымызды асқақтату әрқайсымыздың асқақ арманымыз. Сондықтан соған қолжеткізу үшін барымды саламын.

–  Бос уақытыңызды қалай және қайда өткізесіз?

– Мұндай сәтте теңіз жағалап, жаяу серуендегенді құп көремін. Өйткені, қазіргі техника мен технология дамыған заманда өзімізді-өзіміз күтпесек болмайды. Спортқа жақын екенмін деп жүрекке салмақ сала беруге тағы болмас. Сол себепті жаяу жүру денсаулыққа өте пайдалы. Мұны мен айтпасам да оқырмандар жақсы біледі. Оның үстіне күйбең тірліктен бір сәтке оқшауланып, оңашаланған да ұнайды. Сана сергісе, жүрек тыншиды. Жаныңа жайлылық сыйлай алсаң, өзіңді-өзің тәрбиелегенің болып саналады. «Жеңістің ең үлкені – өзіңді-өзің жеңу» деген сөзді естіп едім. Жаны бар сөз. Мағынасы зор. Кержалқау жанның жанын қаритын, босбелбеу жігіттің намысын оятатын-ақ сөз. Сондықтан мен бос уақытымда өзімді физикалық тұрғыда ғана дамытпай, рухани жетілдіруге де күш саламын.

Әңгімелескен

қатардағы

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему