Маңғыстаулық Бауыржан Ретбаев - «Қазақстан дауысы» атанды!
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 06:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық Бауыржан Ретбаев - «Қазақстан дауысы» атанды!

17 Февраля 2015 (16:21) | 2913 | Автор: Нұрганым Имашева

Жерлесіміз Бауыржан Ретбаев-«Қазақстан дауысы» тележобасының жеңімпазы атанды. Ақтық сында төрт үздіктің қатарынан суырылып алға шыққан Бауыржан басқа айналымдарда да көрерменнің ең көп дауысын жинап, жобаның бас жүлдесі-5 млн. теңгені ұтып алды.

 

«Көрмей тыңдау» кезеңінде төрт тәлімгерді де тәнті еткен өнерпаз ақтық сында халықаралық «Түрквижн-2014» байқауының жеңімпазы Жанар Дұғаловамен бірге «Сен емес» әнін шырқады.

 

Осылайша, ол көрермендердің ең көп дауысын жинап, тәлімгерлерінің қолдауына ие болып, жеңіс тұғырына көтерілді.

 

«Бауыржан-қандай әнді болмасын, нақышына келтіріп орындап шығады. Дауысының кеңдігінде шек жоқ. Мен Бауыржанның болашағынан көп үміт күтемін»,-дейді өнерпаздың тәлімгері Алмас Кішкенбаев.

 

Бауыржан 1993 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында Ретбай мен Ендіғойдың шаңырағында үш қыздан кейін өмірге келген жалғыз ұл.

 

Бес жасынан бастап сахнаға шығып, көрерменнің ықыласына бөленген. Өнер әлеміне қанат қаққан перзенттеріне ата-анасы да қолдау танытып, үлкен үлкен сенім артыпты.

 

Осы уақытқа дейін бірнеше республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып үлгерген жас өнерпаз бүгінде Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының эстрада-вокал бөлімінде білім алуда.

 Қазіргі таңда ол Ұлықпан Жолдасов жетекшілік ететін «Батыс» тобының белді мүшесі.

 

«Маған қолдау көрсетіп, жанкүйер болған барша қазақстандықтарға, жерлестерім-маңғыстаулықтарға, достарыма, отбасыма, туыстарыма-баршасына алғысымды білдіремін. Елдің сенімін ақтап, жеңіс тұғырына көтеріліп, тележобаның жеңімпазы атанғаным үшін өте қуаныштымын. Өнер жолында талмай ізденіп, алдағы уақытта көрерменді жаңа туындыларыммен қуантатын боламын»,-дейді Бауыржан Ретбаев.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему