Ақтауда мотошеру ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 11:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда мотошеру ұйымдастырылды

5 Июня 2023 (17:25) | 1662 | Автор: Редакция

Ақтауда ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай мотошеру өтті, деп хабарлайды Қоғамдық Коммуникация орталығы.

Рәміздер күніне орай 2 маусымнан бері «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өтті. Мұнайлы ауданы Батыр ауылында 200-ге жуық тұрғын әнұран шырқады. Ақтау қаласының жастары «Амфитеатр» алаңында «Атамекен», «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әндерді айтып, көпшіліктің назарын аударды. Ал бүгін 4 маусым күні 12 мотобайкер мен 20-дан астам жеңіл көлік жүргізушілері көк байрақты желбіретіп, 1 сағат көлемінде қаланы аралады. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.

- Баршаңызды Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған көк туымыз көгімізде желбіресін. Елтаңбамыз ұлықталып, әнұранымыз ізгі ұғымдардың рухани жаршысы ретінде шырқала берсін, - деді Абзал Марат «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы

Сонымен қатар Абзал Мараттың айтуынша, бұл игі шараға қала тұрғындары да белсенді қатысқан.

- Мен қала тұрғыны ретінде Рәміздер күнін ерекше атап өтуді жөн санадым. Өйткені бұл патриоттық рухты көтеріп, ұлттық намысты ұлықтайтын мереке. Халқымыздың тәуелсіздік нышандарына деген құрметі аса зор. Бірлігі мықты, ынтымағы жарасқан ел болайық,- деді Сабыр Сержан.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему