Ақтаудағы теңіз жағалауында шахмат маусымы басталады
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 20:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы теңіз жағалауында шахмат маусымы басталады

29 Марта 2023 (15:13) | 1617 | Автор: Редакция

Ақтауда 14-шағынаудандағы теңіз жағалауында сәуір айында шахмат ойындарының жаңа маусымы ашылады.

Зейін мен зердені дамытатын интеллектуалды спорт түріне тұрғындардың қызығушылығы күн санап артып келеді. Осыдан екі жыл бұрын теңіз жағалауында  шахмат бөшкелері, ал былтыр шахмат ойынына арналған үстелдер орнатылған еді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл сәуір айынан бастап, жағалауда ойыншылар көтеріп жүріп ойнайтын шахмат фигуралары мен тақтасын орнату көзделген. Жалпы жағалауда жасақталған шахматпен бір мезетте 60-қа жуық адам ойнай алады.

-Шахмат ойыны адамның сыни ойлау, шұғыл шешім қабылдау қабілетін шыңдап, ойын дамытады. Сондықтан, теңіздің саф ауасын сіміріп, сейіл құрған жандар бос уақытын тиімді пайдаланса екен деген ниетпен жыл сайын шахмат үстелдерін орнатуды жөн санадық. Айта кететіні, бұның барлығы тегін. Басты мақсат - спортты серік етуге үндеу. Ал шахмат мүсіндері шаһар шырайын кіргізері анық. Барлығы тұрғындар игілігі үшін! Жобаны Роман Оразымбетовпен бірге жүзеге асырып жатырмыз, - дейді ұйымдастырушы «Дебют» шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему