Маңғыстау аймағында жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы егу жүргізіледі
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 12:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау аймағында жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы егу жүргізіледі

13 Февраля 2015 (11:23) | 3497 | Автор: Нұрганым Имашева

 

 

Кеше облыстық денсаулық сақтау басқармасында Ақтаудағы мектеп директорлары мен жауапты мамандар шақырылған жасөспірімдерге қызылша ауруына қарсы қосымша екпе жүргізуге арналған жиын өтті.

 

Шараны ұйымдастырушылар аймақта 16-28 ақпан аралығында 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы қосымша егу жүргізілетінін хабарлап, оны ұйымдастырудың талаптары және тәртібімен таныстырды.

 

Маңғыстау облысының штаттан тыс бас педиатры Нұрсұлу Аманбекқызы Мұхамбетярова, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау Департаменті басшысының орынбасары Нейзер Валерий Эрвинұлы, осы мекеменің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Шорбасова Гүлшат Сырымбетқызы және облыстық, қалалық білім беру басқармасының өкілдері жиынға қатысушыларға ұйымдастырылатын маңызды шара туралы түсінік берді.

 

Департамент тарапынан екпе жүргізудің арнайы дайындалған кестесі таратылды. Оқу орны басшылары мен медбикелерге мамандар тарапынан екпе жасауға қатысты тиісті ескертулер жасалып, шара туралы ата-аналар мен жасөспірімдерді алдын-ала ескерту туралы айтылып, қажет болған жағдайда бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы бұйрығымен таныстыру керек екені түсіндірілді.

 

Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау Департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Шорбасова Гүлшат Сырымбетқызы: «Мұндай иммундау апталығы еліміз бойынша бұрын да жүргізілген. Қызылша сияқты қауіпті сырқаттан тек екпе арқылы қорғана аламыз. Былтырғы 2014 жылы республика бойынша 400 сырқат саны тіркелген болса, біздің облысымызда қызылша ауруының 7 фактісі анықталды.

 

Қызылша-жедел ағымды жүретін, әуе-тамшылы жұғатын, вирусты, жұқпалы ауру. Сырқат дене температурасының 40-40,5 о С көтерілуімен, жоғары тыныс жолдарының, ауыз-жұтқыншақ қуысының және көздің шырышты қабықшаларының қабынуымен басталады»,-деп түсінік беріп, вакцина туралы әңгімеледі, екпеден кейін болатын реакциялары жайлы, екпені жүргізетін бригада мүшелері туралы түсіндірді.

 

Екпеге қатысты сауалдар туындаса, оларды Департамент сайты немесе 50-51-36 телефоны арқылы мамандарға қою мүмкіндігі туралы ескертті және ата-аналар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

 

Маңғыстау облысының штаттан тыс бас педиатры Нұрсұлу Аманбекқызы Мұхамбетярова жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде: «Бұл екпе-өте маңызды шара. Себебі қызылша қауіпті жұқпалы сырқат. Ең қауіптісі-ауруға жүкті әйел шалдығар болса, одан туылатын бала көзі көрмейтін, не құлағы естімейтін, нерв жүйесі дамымаған және жүрек ақауы бар болып туады.

 

Екінші қорқынышты жағдайы-жастардың бұл ауруға шалдығуынан-ауыр асқынулар пайда болады, олар-пневмония және энцефалит. Ол келешекте мүгедектікке апаруы мүмкін.

Әлемдегі болып жатқан жағдайларға байланысты осы екпені ұйымдастырып отырмыз. Сондықтан баршамыз белсене атсалысып, осы шараны өткізуіміз керек»,-деді.

Нұрсұлу Аманбекқызының мәлімдеуінше: «Облысымызда 16-28 ақпан арасында 15-19 жастағы жасөспірімдерге жүргізілетін қызылшаға қарсы қосымша екпемен 36 мың жасөспірім қамтылатын болады. Арнайы вакциналар алынып, облыстың қала-аудандарына түгел таратылған. Егу бригадалары жасақталған. Екпе жасаудың арнайы кестесі де дайын. Ата-аналарды, жалпы. халықты ақпараттандыру мақсатында облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан хабарландыру берілуде».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему