Ақтауда рухани келісім күніне орай бірқатар шаралар өтті
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 06:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда рухани келісім күніне орай бірқатар шаралар өтті

18 Октября 2022 (19:12) | 1350 | Автор: Редакция

Ақтауда рухани келісім күніне орай, Бекет ата мешітінде Мәуліт мерекесі атап өтілді. Бұл туралы Бекет ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте хабарлады.

Аталған шарада көпшілікке арнайы ас беріліп, содан кейін қайырымдылық шаралар туралы айтылып, ислам діні туралы ақпараттар айтылды.

-Ислам діні әрдайым діндердің және адамзаттың арасындағы бейбітшілікті қалайды. Сондықтан рухани бағыттан адам баласы алыстамауы қажет. Рухани жан тазалығы, қаракөз қыздарымыздың ана сүтімен бала бойына дарытқан кезден бастауын алады. Ал, Ыбырай Алтынсарин бабамыз айтқандай: «Бір Аллаға сиынып, кел, балалар, оқылық!» демекші, құран әрдайым оқу мен білімге жетелейді. Құрбан айт мерекесіне келер болсақ, 3731 отбасы мен 5 мекемеге құрбандық еті үлестіріліп, 4000 балақайға айттық тәттілері салынған қораптар тараттық, - дейді Әнуар Елжанов.

Бас имамның айтуынша, қазіргі таңда жат ағымдарға еріп кетпеу мақсатында, әр мешіттің заңмен бекітілген әлеуметтік парақшалары бар. Рухани азық жинағысы келетін жандар үшін, мемлекет бекіткен ақпараттық сайттардан мәлімет алып, сұрақ қоюына рұқсат етілген.

1992 жылы Қазақстанның Алматы қаласында өткен бірінші дүниежүзілік конгресте, Рухани келісім күнін - жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий күні деп жариялаған. Православ шіркеуінің басшысы Александр Пушиннің айтуынша, бұл мереке адамдар арасындағы бірлікті күшейтеді.

-Рухани келісім күніне сәйкес, 16 қазан күні сағат 17:00-де балалармен ересектерге арналған мереке ұйымдастырдық. Бағдарлама бойынша концерт қойып, палау дайындадық. Балаларды атқа отырғызып, ересектерге ән айтқыздық. Біз үшін бұл мереке жақындарымызбен және құдаймен байланыс жасауға көмектеседі,-деді Александр Пушин.

Діндарлық татулықты сақтау мақсатында, діни конфессия өкілдері «Ақбота» саябағында ағаш отырғызды. Олардың айтуынша, ішкі әлемі бай адам қолымен де, тілімен де қоғамға зиянын тигізбейтін, қоршаған ортаға пайда әкелетін жан болуы тиіс.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему