Ақтау гарнизонында «Сарбаз карточкасы» акциясы өтуде
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 00:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау гарнизонында «Сарбаз карточкасы» акциясы өтуде

11 Октября 2022 (17:51) | 1256 | Автор: Редакция

Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінде «Сарбаз карточкасы» акциясы өтуде, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Жауаптылардың айтуынша, бұл акция әскерлердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасын және әскерлердегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі өзге де профилактикалық іс-шараларды іске асыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

 

– Іс-шараның басты мақсаты мерзімді әскери қызметшілерге ақшалай үлесті уақытылы аудармау және банк карточкаларының болмауы фактілерін анықтау, мерзімді әскери қызметшілерден ақша қаражатын заңсыз жинау фактілерін анықтау, мерзімді әскери қызметшілер арасында өтелмеген кредиттер бойынша қарыздарды анықтау, мерзімді әскери қызметшілердің карталық есептеріне ақшалай қаражат аудару арқылы ақшалай қаражаттарын қорқытып алу фактілерін анықтау, екінші деңгейдегі банктерде және шағын қаржы ұйымдарында кредиттері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар алдындағы өзге де борыштары бар сарбаздарды анықтау болып табылады, - деді Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы анықтау және іздестіру бөлімінің бастығы әділет майоры Болат Мусин.

 

Аталған акция барысында Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы қылмыстық қудалау бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларымен әскери қызметшілерге қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің салдарын жеткізіп түсіндіру бойынша алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр.

 

Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметшілерге және олардың туыстарына қатысты қандайда бір орын алған құқықбұзушылықтар белгілі болған жағдайда Әскери полиция бөліміне хабарлауға боладындығы жеткізілді. 5 қыркүйек басталған шара пен 17 қазанға дейін жалғасады.

 

Айта кетейік, Ақтау қаласы 4 ш/а 32 «А» ғимаратында орналасқан Ақтау гарнизоны Әскери полиция бөлімінің телефондары: 8/7292/33-67-94 және +77011277762.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему