Бейнеу ауданында жаңа мешіт ашылды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 05:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бейнеу ауданында жаңа мешіт ашылды

10 Октября 2022 (18:16) | 1818 | Автор: Редакция

Бейнеу ауданында жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Берекелі Бейнеу атанған ауданның гүлденуіне бар саналы ғұмырын арнаған, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің және Еуропа өндірістік палатасының «Алтын медалінің», Қазақстан педагогикалық ғылымдар акалемиясының «Құрметті академигі», Маңғыстау облысының және Бейнеу ауданының «Құрметті азаматы», мемлекет және қоғам қайраткері, ұзақ жылдар бойы Бейнеу ауданы әкімі лауазымын атқарған Әзірханов Басшы Айжанақұлы атындағы мешіттің ашылуы салтанатты түрде өтті.

 

Құлшылық үйінің ашылуына Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, найб муфти Ершат Оңғаров, Қазақстанның «Құрметті журналисі» Кенжебек Тұманбайұлы, Әлем халықтары жазушылар одағының төрайымы Гүлхан Айтақынқызы және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

 

Зиялы қауым өкілдері, Басшы Айжанақұлының қызметтік, үзеңгілес жолдастары жүрекжарды лебіздерін білдіріп өтті. Салтанатты ашылуда Әзірханов Басшы Айжанақұлының өмірі мен қызметіне арналған Қазақстанның «Құрметті журналисі» Кенжебек Тұманбайұлының авторлық «Әділ Басшы» кітабының тұсауы кесілді.

 

Жаңа мешіттің лентасын Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары Ершат Оңғаров және ауыл ақсақалы Орпабай Нұрмағамбетұлы кесті.

 

Ізгілік пен мейірімділіктің және құлшылық етудің ордасы мешіттің құрылысына атсалысып, игі бастамаға себепші болған жандарға алғыс білдіріліп, ат-шапан сыйға тартылды. Сәулеті мен салтанаты келіскен 8 мұнаралы жаңа мешіттің жалпы аумағы 5000 шаршы метрді құрайды. Мұнда  350 адамға арналған зал, 1 құран оқу залы мен 1 мұражай бар. Барлығы заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему