Ақтаулық ұстаз «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 02:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық ұстаз «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

7 Октября 2022 (13:10) | 1603 | Автор: Редакция

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білікті ұстазы, биология пәні мұғалімі Гүлжан Нүсіпжанова «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Гүлжан Нүсіпжанова - Астана қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезінің пленарлы отырысында, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің қолынан, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Осы салада 30 жылға жуық еңбек өтілі бар Гүлжан Нүсіпжанова, оқу ордасының мақтанышы. Осы уақытқа дейін 10-ға халықаралық, республикалық олимпиадалар жеңімпаздарын дайындап шығарған білікті маман. Білім саласына қосқан үлесі мен оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі кәсіби қызметі үшін «Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен» марапатталған.

Сондай-ақ, В.Я. Курбатов атындағы ХІІ Халықаралық ғылыми жобалардың олимпиада-конкурсында олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты атынан алғыс хатқа да ие болған.

-Бүгінгі төсбелгінің мен үшін орны ерекше. Өйткені қазақтың ұлы педагогі, ең алғаш қыздарға арнап мектеп ашқан көрнекті тұлғаның есімі берілген «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісін алу кез-келген ұстаз үшін үлкен мәртебе, дейді Гүлжан Нүсіпжанова.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему