Маңғыстау облыстық ауруханасы былтырғы жылды қорытындылады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 02:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық ауруханасы былтырғы жылды қорытындылады

6 Февраля 2015 (11:14) | 2454 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда шаруашылық құқындағы МКК «Маңғыстау облыстық ауруханасының» директоры Нұрлан Тлепов емдеу мекемесі ұжымы алдында өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп беріп, кәсіпорын қызметінің жылдық нәтижесіне тоқталды.

Аймақ тұрғындарының игілігіне пайдалануға 1989 жылы берілген облыстық аурухана өңірдегі жалғыз көпсалалы медициналық мекеме болып табылады. Онда білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлері көрсетіледі. Күрделі жөндеуден 2008-2009 жылдарда өткен ауруханада 2014 жылы жаңадан салынған заманауи үлгіде жабдықталған «Г» болгы іске қосылды.

 

Облыстық ауруханада 2013 жылы 14 586 адам (2202-сі Мұнайлы ауданынның тұрғындары) емделсе, 2014 жылы 12035 адам (1514 адам-Мұнайлы ауданынан) сауықтырылған.

Кереуеттік қуаты-2013 жылы-тәулік бойы жасайтын стационарда-423 кереует болса, 2014 жылы-365 кереует болып, күндізгі стационарда-2013 ж.-30 кереует болғанда, 2014 ж.-55 болған, оларда 2013 жылы 14562 адам ем алса, 2014 жылы 12541  науқас емделген. Күндізгі стационарда-2013 ж. 1703 ауру ем алса,оның 1058-хирургиялық, 297-сі ота болған, ал 2014 жылғы көрсеткіштер-емделгендер саны-2664 болса, оның ішінде 1839-ы (69%) хирургиялық, 879-ы оталар болған. 2013 жылы-6657 ота жасалса, 2014 жылы-5670 адамға ота жасалыпты.

2014 жылғы санитарлық авиацияның жұмысына тоқталған мекеме басшысы: «Аймақтағы санитарлық авиацияның жұмысы бойынша өткен жылғы шұғыл ұшулар саны 492-ні құрады, сонша адамға шұғыл көмек көрсетілді. Тікұшақпен 30 адам тасымалданды, 10 жүкті әйелге және 9-жазатайым оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетілді»,-деді.

 

«Маңғыстау облыстық ауруханасының» директоры Нұрлан Тлеповтың мәлімдеуінше, «Жергілікті бюджет қаржысы есебінен 2014 жылы балалар ауруханасының күрделі жөндеуіне 72 233,90 мың тенге бөлінсе, тамақ даярлау блогы мен патологоанатомиялық бөлімшенің күрделі жөндеуіне 85 192,70 мың теңге, күйік шалғандарға арналған кереует сатып алуға-22 997,00 мың теңге, тамақ даярлау блогының электр жүйелерінің күрделі жөндеуіне-10 040,30 мың теңге, «А» блогы жөндеуінің жобалық-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) дайындауға-11984,00 мың теңге, «Б» блогы жөндеуінің жобалық-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) дайындауға-14983,40 мың теңге, ғимараттың қасбетінің жөндеуіне-10 000, 00 мың теңне, өрт дабылын қондыруға-33 793,30 мың теңге, тамақ даярлау блогының материалдық-техникалық жабдықталуына-13 000,00 мың теңге, «Г» блогының материалдық-техникалық жабдықталуына-2000,00 мың теңге, барлығы-276 224,60 мың теңге көлеміндегі қаржы бөлінген.

 

Республикалық бюджет есебінен стационарға 1 616 469,00 мың теңге бөлінсе, ЖМК-ге-25 454,00 мың теңге, травмпунктке-57 987,96 мың теңге, КТ және МРТ-22 000,40 мың теңге, Проктолог. К-т 1 986, 00 мың теңге, Скринигтік тексерулерге-2 182,54 мың теңге, барлығы-1 726 079,90 мың теңге бөлініп, игерілген».

-Жүрекке ашық ота жасау саны 2012 жылы-77 болса, 2013 жылы ол-200-ге жетіп, ал 2014 жылы-176 ота жасалды. Дәрігерлік санитарлық-медициналық көмек кардиохирургия бойынша-2013 жылы-266 болса, 2014 жылы-165, ал хирургия бойынша-2013 жылы-88, 2014 жылы-97, травматология бойынша-2013 жылы-101 болса, 2014 жылы-48, офтальмология бойынша-2013 жылы-0 болса, 2014 жылы-43, ал нейрохирургия бойынша-2013 жылы-2 көмек жасалса, 2014 жылы-1 көмек көрсетілді,-деді Нұрлан Серікұлы.

Облыстық аурухананың кадрлармен қамтылуы жөнінде директор: «Мекемеде 130 дәрігер бар, олардың 41-жоғары санаттылар, 14-бірінші санатты, 6-екінші санатты және 3-уі медицина ғылымының кандидаты. Орта буын қызметкерлерінің саны-167. Олардың 59-жоғары санаттылар, 45-бірінші санатты, 63-екінші санатты»,-деп атап өтіп, «2014 жылы жылжымалы медициналық кешен өңірдің 66 елді мекеніне барып, 24693тұрғынды медициналық тексеруден өткізді»,-деген мәліметпен бөлісті.

 

Облыстық аурухана басшысының айтуынша «Мекеменің өзекті мәселелері ретінде Маңғыстау облыстық ауруханасының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін «А» және «Б» блоктарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажает және бағасы қымбат жабдықтардың кепілдік мерзімі өткен соң оларға қызмет көрсетуге қаражат бөлінуі, қатты мүлікпен қамту және оны жаңғыртуға қаржының бөлінуі, емдеу сапасына деген шағымдардың болуы қаралады».

Аталған проблемаларды шешудің жолдарын атаған директор:

-Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; облыстық аурухана құрылымын өзгерту, ішкі аудитті күшейту, жұмыстағы кемшіліктерді азайту, кереуеттік қордың бағыттарын өзгертудің икемді әдісін қолдануды жалғастыру, бақылау кеңесін енгізу, аккредитациялау, «А» және «Б» блогтарының күрделі жөндеуі,-деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему