Ақтауда «Ержан Хазірет» атындағы мешіт халық игілігіне пайдалануға берілді
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 07:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Ержан Хазірет» атындағы мешіт халық игілігіне пайдалануға берілді

10 Июня 2022 (17:59) | 1852 | Автор: Редакция

Бүгін Ақтау қаласының 39 шағынауданында «Ержан Хазірет» атындағы жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

 

​Салтанатты шараға қала тұрғындарымен қатар, Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

 ​Шара барысында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти мешіттің салынуына үлес қосқандарға рахметін айта отырып, бір қатар азаматтарды алғыс хатымен марапаттады.

 ​- Қазақ халқында «Азаны бар ел азбас деген», мешітте азан айтылса ол елдің азбайтындығын нақыл сөздермен жеткізіп кеткен. Бүгін міне Киелі Маңғыстау жұртында жақсы іс-шара өтіп жатыр. Біз осыдан бірнеше жыл бұрын осы мешіттің ірге тасын қалап, сол кезде ақсақалдар мен жамағаттың қатысуымен бірге дұға етіп халыққа қызмет ететін қасиетті орын болуын нәсіп ет деген болатынбыз. Алла дұғамызды қабыл етіп бүгін сол мешіттің ашылуында жиналып отырмыз,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

 ​Зәулім мешіттің құрылысы, күмбезі заман талабына сай тұрғызылған. Имандылық үйінде бір мезетте 500 адам намаз оқи алады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему