Маңғыстау облысында 85 мыңнан астам  адам ревакцинациядан өтті
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 12:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында 85 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

10 Июня 2022 (16:45) | 991 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысы бойынша 26 емханада ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 85 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев хабарлады.

Спикердің айтуынша, КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын  бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.

-Ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап облыста «Комирнати» вакцинасымен КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. КВИ-ге қарсы келесі контингенттер қайта ревакцинациялауға жатады. Олар медицина  қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, күш құрылымдарының қызметкерлері, педагогтар, пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті, 50 жастан асқан адамдар,-деді Ғазиз Надуев.

Бүгінгі күні қайта ревакцинация бойынша 4-ші дозамен– 1176 адам егілген. Оның ішінде 1040 медицина қызметкері, 28 күш құрылымдарының қызметкері, 76 мұғалім, 50 жастан асқан адамдар – 9 және тағы басқа – 19. Жалпы 4-ші дозамен егуге жататындар саны  - 7913 (соның 14,8 пайыз қамтылып отыр).
       
Брифинг барысында бас эпидемиолог дәрігер облыс тұрғындарын ревакцинация алуға шақырды.

-ҚР-ның 12 жастағы және одан асқан кез келген азаматы «Comirnaty» (Pfizer) вакцинасын пайдалана отырып, вакцинация немесе ревакцинация ала алады. Вакцинация мен ревакцинацияны кейінге қалдырмаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирус инфекциясынан және оның салдарларынан қорғаңыз,-деді Ғазиз Надуев.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему