Жармыш ауылының тұрғыны құс өндіру кәсібін қолға алды
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 18:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жармыш ауылының тұрғыны құс өндіру кәсібін қолға алды

27 Мая 2022 (14:02) | 1566 | Автор: Редакция

Маңғыстау ауданына қарасты Жармыш ауылының тұрғыны Мағауия Нұрғазиев құс өндіру кәсібін қолға алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Мағауия Нұрғазиев бес жылдан бері жеке тұрғын үйінің 200 шаршы метр аумағына жеміс ағашы мен көкөніс өсірген. Биылдан бастап құс шаруашылығы кәсібін қолға алған.

Бүгінде ол 100-ге жуық балапан бағып отыр. 10 шақты күркетауықтан күніне 10-15 жұмыртқа алады. Сонымен қатар "Цезарка", " Адлер", "Күркетауық" жұмыртқаларын инкубаторда көбейтуде.

- Құс өсірудің өзіндік әдіс тәсілі бар. Жұмыртқа алдымен арнайы инкубаторға салынады. Оның ылғалдылығы мен жылуын қадағалап отыру қажет. Әр күн сайын жылу көрсеткішін көбейтіп, ылғалдылығын сақтап отырамын. Білгілі бір күннен кейін инкубаторды желдетіп, сол аралықта жұмыртқаның балапанға айналуын тексеремін. Егер тамырланбаса, онда оны әрі қарай инкубаторда сақтаудың қажеттілі жоқ. Инкубатордан шыққан соң арнайы орынға балапандарды орналастырамын. Ол жерге жарығы, жылуы, суы мен жемі уақытпен және өлшеммен беріледі. Күркетауықтың шөбі мен жемі бөлек болады. Қарапайым тауықтар секілді кез келген жемді жемейді. Сондықтан әр тауықтың бабы әр бөлек, - дейді Мағауия Нұрғазиев.

Тауықты қолдан өсіріп, оны көбейтіп, еті мен жұмыртқасын сатуды көздеген Мағауия алдағы уақытта "Павлин" құсын да өсіріп, құс еті мен жұмыртқасын аудан көлемінде дамытқысы келеді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему