Түпқараған ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 12:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқараған ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

23 Мая 2022 (17:26) | 1364 | Автор: Редакция

Түпқараған ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті


Форт-Шевченко қаласы мен Ақшұқыр ауылында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Нәтижесінде 36 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Жәрмеңке Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың тапсырмасы бойынша өткізілген. Оған 26 мекеме қатысып, 335 бос жұмыс орнын ұсынды.

-Нәтижесінде 36 тұрғын тұрақты жұмысқа, 10 адам қоғамдық жұмысқа орналасты. Тағы төртеуі жастар практикасынан өтеді. Ауданның тағы 10 тұрғынына қысқа мерзімді курстарға қатысу ұсынылды, - деді Түпқараған аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Римма Жақсылық.

Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 426 адам жұмысқа орналасқан. Оның 343 - і тұрақты, 83-і уақытша жұмыс.

Сондай-ақ, биылдан бастап жастарға берілетін грант құны 400 айлық есептік көрсеткішке артты. Жыл басынан бері Түпқараған ауданында 10 жұмыссыз тұрғын грант ұтып алды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему