Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында жыл басынан бері 500-ден астам ота жасалды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 22:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында жыл басынан бері 500-ден астам ота жасалды

22 Апреля 2022 (15:17) | 2884 | Автор: Редакция

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жыл басынан бері 547 ота жасалды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация ортaлығында өткен брифингіде Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Гүлжан Ермекбаева мәлімдеді.

 

Спикердің айтуынша,  жыл сайын балалар арасындағы жарақат көбейген. Мәселен, үш айда 194 жарақат анықталған. Оның ішінде жол-көлік оқиғасы - 129, улану - 40, биіктіктен құлау - 6, электрожарақат - 6, термикалық күю - 7 құрап отыр.

 - 2022 жылдың үш айында ауруханада – 3315 науқас ем алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 352 науқасқа көбейіп отыр. Сонымен қатар облыстың аудандары мен қалаларынан жылына 6700-7000 пациентке консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. 2019 жылдан бастап ауруханамызда катамнез кабинеті жұмыс жасауда. Күндізгі стационарда жылына 1500 бала ем алады. Қабылдау бөліміне жылына 0-18 жас аралығындағы 60 000-65 000 бала қабылданады. Түрлі жарақаттармен келген 20 000 астам балаға жарақат пунктінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, - деді Гүлжан Ермекбаева.

 2022 жылдың  І тоқсанында қабылдау бөліміне 10 191 науқас келіп қаралған, 3129 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде жансақтау бөліміне - 147, педиатриялық бекетке - 1027, хирургиялық бекетке - 400, травматологиялық бекетке - 710, жұқпалы ауруларды қабылдау бөліміне - 992 адам жатқызылды.

 2022 жылдың наурыз айында қант диабетіне шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарын тиісті ақпараттармен қамтамасыз етіп, білім деңгейін арттыру мақсатында «Диабет мектебі» ашылған. Ауруханада консультативтік диагностика бөлім қызмет көрсетуде. Балалар мұнда уақытылы кеңеске келіп тұрады.

 -Қант диабетіне шалдыққан балалар ентігіп, сусызданып, кейде ауыр жағдайда ауруханаға түседі. Себебі, тамақтану тәртібін дұрыс білмей жатады. Тамақтанудан бөлек  күнделікті глюкометр арқылы қанттың деңгейін өлшеп, инсулин препаратын уақытылы салып отыру қажет. «Диабет» мектебінде балалар мен ата-ананың білім деңгейін арттыру мақсатында сабақтар жүргізіледі. Тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыру, инсулинді реттілікпен салу, оны тұрақты түрде есептеу, нан бірлігінің қанша бөлігін тұтыну қажет және жиі болатын асқынуларды азайту бағытында бұл мектеп ашылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша аурухана медициналық құрал-жабдықтармен 92,5% қамтылды, - деді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының директорының м.а Гүлжан Ермекбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему