Ротация: мемлекеттік органдардағы  басшыларды ауыстыру тиімділігі
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 22:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ротация: мемлекеттік органдардағы басшыларды ауыстыру тиімділігі

5 Апреля 2022 (18:35) | 3372 | Автор: Редакция

Мемлекеттік қызметшілерге ротация (ауыстыру) жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары  "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген.

Аталған Заңға сәйкес  мемлекеттік қызметті өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, яғни лауазымдарын ауыстыру  жүзеге асырылады.

Ротацияның негізгі мақсаттары мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қызметшілердің кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірибесін дамыту және тиімді пайдалану болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы                              13 қарашадағы Жарлығымен ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары туралы қағидаларына, «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларына өзгерістер енгізілгеніне де  бір жыл уақыт толды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті аталған құқықтық акт талаптарын мемлекеттік органдарда, баспасөз беттерінде,  әлеуметтік желілерде кеңінен түсіндіріп, насихаттап келеді. Қағида қолданысқа енгізілгеннен бері бір жыл уақыт өтуіне  орай   ротациялау тәртібін еске салу мақсатында қайталап түсіндіруді жөн санап отырмыз.   

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес,  елімізде саяси қызметшілерді ротациялау институты алғаш рет енгізілді (бұрын ротация әкімшілік қызметшілерге ғана қолданылған). Енді, саяси қызметшілер атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын ротацияланатын болады.  Тиісті мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкіндігі, кейіннен Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша екі жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Демек, саяси қызметшілердің лауазымда болуының рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі сегіз жылдан аспайтындығын атап өткіміз келеді.

Бұдан басқа, осы Жарлықпен «Б» корпусының қызметшілерін ротациялау тәртібіне толықтырулар енгізілген болатын. Мәселен, әкімдіктер басқармаларының басшыларына өңіраралық ротациялау енгізілді (бұрын оларды ротациялау тек бір әкімдік шегінде ғана мүмкін болатын). Бұл ретте мұндай ротация әкімдіктерде командалық орын ауыстыруға жол бермеу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша жүргізу көзделген.

"Б" корпусының қызметшілерін ротациялау әрбір үш жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан, құрылым өзгергеннен не лауазымдар қайта аталғаннан кейін "Б" корпусының қызметшілері бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежелі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде көрсетілген мерзім қайта жаңартылмайды.

         "Б" корпусының қызметшісі ротациядан жазбаша бас тартқан жағдайда, оның осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның актісімен тағы үш жылға ұзартылуы мүмкін не "Б" корпусының қызметшісі атқаратын лауазымынан босатылуы не ол келіскен жағдайда лауазымынан төмендетілуі мүмкін.

"Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі, бұл мерзім өткен соң "Б" корпусының қызметшісі міндетті түрде ротацияға жатады. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.

Қағидадағы тың жаңалықтардың бірі –мемлекеттік қызметшінің келісімі бойынша жүзеге асырылатын ротация. Соңғы үш жылдан аз емес уақыт бойы мемлекеттік орган басшыларының орынбасарлары, мемлекеттік органның қалалық/аудандық құрылымдарының басшылары, мемлекеттік орган құрылымындағы басқармалар басшылары, аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне қарасты бөлім басшылары лауазымдарын атқаратын, оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін "Б" корпусы қызметшілерінің арасында, осы "Б" корпусы қызметшілерінің өзара келісімі болғанда уәкілетті адамдардың актілерімен ротация жүргізуге жол беріледі. Мұнда тиісті бағыттар бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері ескеріледі. Бұлай ротациялау жүргізуге тек әртүрлі әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмыс істейтін "Б" корпусы қызметшілерінің арасында ғана жол беріледі.Қарапайым тілмен айтқанда, Қазақстанның бір облыстық басқармасы басшысының орынбасары басқа облыстағы басқарма басшысының лауазымына ротация тәртібі арқылы ауыса алады.

Тұрғындар арасында туындайтын сұрақтардың бірі –бір саланың маманын келесі салаға тағайындаудың тиімділігіне қатысты.

Бұл ретте, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган ретінде ротацияланатын лауазымдарға тағайындалатын тұлғалардың біліктілік талаптарына сай келуі бақыланатындығын, жалпы ротациялауды жүзеге асыру кезінде заңдылық талаптарының қатаң сақталуы басты назарда екендігін атап өткіміз келеді. Демек, ротацияланатын тұлғалардың жаңа тағайындалатын лауазымы бойынша сәйкес білімінің болуы ескеріледі.

Жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет және басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру ісінде мемлекеттік орган басшысының  кәсібилігі шешуші рольді атқарары даусыз. Ротациялау шаралары білікті басшының  бір лауазым аясында шектеліп қалмай, жан-жақты болуына ықпал етеді. Оған қоса, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мемлекеттік қызметшілер арасында жиі ауыс-түйіс жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі болып саналады.         Мемлекеттік органның басшысы лауазымын  атқаратын қызметшілерді ауыстырудың қажеттілігі, басшының сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына итермелеуі мүмкін бақылау-рұқсат беру функцияларына ұзақ уақыт ие болуымен байланысты. Уақытылы жүргізілген  ротация мұндай қауіп-қатерлердің алдын алады.  

Түптеп келгендегі негізгі нысана –кәсіби білікті басқару жүйесін құру екендігі басты назарда болмақ.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему