Маңғыстауда «Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары онлайн оқиды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 07:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары онлайн оқиды

17 Февраля 2022 (18:36) | 2876 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында «Бастау бизнес» жобасына онлайн оқыту биыл наурыз айының соңында басталады деп жоспарлануда. Бұл еліміз бойынша қабылданған ортақ шешім.

Оқытуға өтінімдер «Электрондық еңбек нарығы» Мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі Business.Enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданады.

Үміткер өтінімді порталда бергеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде нысаналы топқа енетіні туралы ақпарат тексеріледі.
Business.Enbek порталында мақұлдағаннан кейін өтінім онлайн-оқудан өту үшін автоматты түрде Atameken Academy порталына жіберіледі.
Курсты Atameken Academy порталында онлайн оқиды. Оқу ұзақтығы күнтізбелік 25күннен аспайды және тегін өтеді.


2021 жылы Маңғыстау облысында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 798 тыңдаушы оқытылды. Жергілікті бюджеттен қосымша 430 тыңдаушы білім алды. Осылайша облыс бойынша барлығы 1228 жұмыссыз азамат оқытылды. Пандемия салдарынан оқыту онлайн режимінде жүргізілді. Дәріс 12 оқыту модулінен тұрды.

«Өткен жылдың басында республикалық және жергілікті бюджет есебінен оқыту жоспары  153%-ға орындалды (1228 адам). 2021 жылы 703 тыңдаушы 1,3 млрд.теңге сомасына қаржыландырылды. Оның ішінде сертификат иелері 292,2 млн. теңге көлемінде 501 грант ұтып алды. Ал 622,8 млн. теңгеге 128 адам шағын несиелендіру арқылы қол жеткізді. Несиенің 338,7 млн. теңгесін «Атамекен» МҚҰ арқылы, қалған соманы кредиттік серіктестіктерден алды»,- дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Аманат Махмутов.


Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему