″Атамекен″ микроқаржы ұйымы өткен жылы 101 кәсіпті қаржыландыруға несие берді
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 09:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″Атамекен″ микроқаржы ұйымы өткен жылы 101 кәсіпті қаржыландыруға несие берді

10 Февраля 2022 (22:06) | 2358 | Автор: Редакция

Оның ішінде 93 млн тг МҚҰ өз қаражаты есебінен болса, "Жұмыспен қамту жол картасымен" 548 млн тг бөлінді. "Атамекен" МҚҰ құрылған 2016 жылдан бастап осы жылдың ақпанына дейін бизнесті дамыту үшін 3 млрд 128 млн тг астам несие берді. Бұл қаражатқа барлығы 558 жоба жүзеге асып, 885 жұмыс орын құрылды. 

Осы уақыт аралығында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың"  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 1 млрд тг аса қаражат бөлініп, 250 жоба іске қосылды. Бұл жобаларда 307 жаңа жұмыс көзі ашылды.  Ал, несиелендірудің тағы бір бағыты - «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 547 млн теңгеге 91 жоба қаржыландырылып, 91 жұмыс орны іске қосылды.                                                                      

"Микроқаржы ұйымы 6 жыл ішінде айналымдағы өз қаражаты есебінен 1 млрд 551 млн тг несиені кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берді. Осының көмегімен 217 бизнес жоба ашылып, 487 жұмыс орны құрылды. Қаражат алғандардың дені ауылшаруашылығы саласы, әртүрлі қызмет көрсету (сұлулық салоны, наубайхана, көлік жуу орталығы, автокөлік жөндеу т.б.) салаларын іске қосты. 2021 жылдан бастап алғаш рет Ақтау қаласы тұрғындарына кәсіп ашуға несие беріле бастады. Бұрын тек ауыл мен аудан халқы қамтылып келген еді. Сондай-ақ, сауда саласына да тұңғыш рет несие берілді. Айта кетейік, Ақтау қаласына 8 мың АЕК, Жаңаөзен 6500 АЕК, аудандарға 2500 АЕК көлемінен аспайтын сомада несие рәсімделеді",- дейді "Атамекен" МҚҰ директоры Ботагөз Сынабаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему